Табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша байқау жарияланды

120

0

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) Теріден жасалған бұйымдарды таңбалауды енгізу жөніндегі қанатқақты жоба аясында бақылау (идентификациялық) белгілерін дербестендіруді және таңбалауды жүзеге асыратын Екінші деңгейдегі эмитентті айқындау бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысушылар теріден жасалған бұйымдарды таңбалауды енгізу жөніндегі қанатқақты жоба аясында Бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруді жүзеге асыратын Екінші деңгейдегі эмитентті айқындау бойынша конкурс өткізу тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 2.5-тармағына сәйкес келесі құжаттар пакетін дайындауы қажет:
– конкурсқа қатысушының өтінімі;
– заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
– жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі; қатысушының ашылған шоттарының бар болуы туралы банктен (банктерден) анықтама;
– қатысушылар контрагенттерінің пікірлері, ұсынымдары, алғыс хаттары (болған жағдайда);
– қатысушының IT саласында жұмыс тәжірибесі бар техникалық/IT мамандарының штатында бар болуын растайтын құжаттардың (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері/еңбек шарттары/еңбек кітапшалары) көшірмелері;
–  қатысушыда ISO 18000-63 (UHF RFID хаттамасы үшін 860-960 МГц) стандартының талаптарына сәйкес келетін, жиіліктер диапазонында жұмыс істейтін RFID-белгілерімен бақылау (идентификациялау) белгілерін дербестендіруді жүзеге асыруға арналған жабдығының бар болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме);
– бағдарламалық шешімдер және жабдықтың техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты қамтитын, RFID-белгілері бар ақпаратты жазу және оқу мүмкіндігін растайтын RFID-технологиясымен жұмыс істеуге арналған қолда бар жабдық құжаттарының көшірмесі; қатысушының RFID-белгілерінен, Code-128 символикасындағы желілік штрих кодтардан ақпаратты оқуға мүмкіндік беретін жабдықтың бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері (бухгалтерлік баланстан үзінді көшірме);
– қатысушының теріден жасалған бұйымдарды таңбалауды енгізу жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыру бойынша талаптарға сәйкестігін растайтын қосымша құжаттар (қатысушының қалауы бойынша).
Тәртіптің 2.6-тармағына сәйкес, құжаттар тендерді өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімі басталған уақытқа дейін мөрленген конвертте ұсынылады.
Бұл жағдайда конкурсқа қатысушыларға құжаттар пакетінің беттері нөмірленіп және соңғы беті қатысушының қолы және мөрімен куәландырылып, тігілген түрде ұсынылады.
Конкурсқа қатысушының жапсырылған конвертінің алдыңғы жағында келесі ақпарат көрсетіледі:
1) конкурсқа қатысушының толық атауы (аты-жөні), БСН, пошталық мекенжайы;
2) Ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекенжайы;
3) Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген атауға сәйкес келуі тиіс Конкурс атауы.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап, 2017 жылғы  2 қараша күнгі сағат 18.00-ге дейін, келесі мекенжайда қабылданады: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8-үй, «Изумрудный» БО, «Б» блогы, 25-қабат, 2508-кабинет.
Конкурс 2017 жылғы 3 қарашада сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8-үй, «Изумрудный» БО, «Б» блогы, 27-қабат, «Түркістан» залы.
Конкурсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша 8(7172) 919 373 телефоны арқылы байланыстағы тұлға Н.С. Исабековке қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

www.atameken.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз