ТАРИФТЕР НЕГІЗСІЗ ӨСПЕЙДІ

44

0

«Сыр медиа” ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар
орталығында Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің
облыстық департаменті басшысы Нұрлан Пірімов БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
Жиында облыс бойынша реттелетін коммуналдық қызметтерге қалыптасқан тарифтер
жағдайы сөз болды.

«Қызылорда су жүйесі” МКК ұсынған құжаттардың
сараптама қорытындысы бойынша, қараша айынан бастап судың бағасы 1 текше метрге
ҚҚС-мен 77,92 теңге, оның ішінде тұрғындарға 61,6 теңге болып бекітілді. Жылуға
келсек, мұнда да баға желтоқсан айынан бастап көтеріледі деп күтілуде. Жалпы
ауданы 75 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің жылуға төлемақысы бұрын 6383
теңгені құраса, енді 6957 теңге төлейтін болады. Сондай-ақ, жарықтың да жаңа
бағасы белгіленбек. 1 кВт сағ-қа ҚҚС-мен 4,26 теңгеден 8,68 теңгеге қымбаттайды
деп күтілуде. Жауапты мамандар бұл бағаның 15 желтоқсаннан бастап іске асатынын
жеткізді.

– 5 адамнан тұратын жанұя айына 10 текше метр суға
орташа есеппен 361 теңге төлеп келсе, енді 616 теңге, яғни 255 теңге артық
төлейтін болады. Сондықтан аз төлеу үшін көбірек үнемдеу керек. Тарифтер еш
негізсіз өспейді, – деді Н.Пірімов.

Н.Пірімов бұл тарифтердің ал­­­­дағы 5 жылда өзгеріске
ұшы­ра­май сақталатынын жеткізді. Рес­­­­­пуб­ли­камыздың басқа аймақ­та­­рымен
са­лыстырғанда өңір тұр­­ғын­дары үшін реттелетін комму­налдық қыз­мет
тарифтері орташа деңгейде бе­кітілген.

Кенжетай
ҚАЙРАҚБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз