ТАТУЛЫҚ БАР ЖЕРДІ ЫРЫС МЕКЕНДЕЙДІ

44

0

<!–
[if gte mso 9]>

Normal
0

false
false
false

MicrosoftInternetExplorer4

Жуырда Шиелі ауданында «Тірегіміз татулық –
тілегіміз тыныштық» атты кездесу өткізілді. Оған «Қоғамдық келісім орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Уәлихан Ыбраев, аудандағы өзге
этнос өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Үлкен Ел – Үлкен отбасы” жалпыұлттық
жобасын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіріп, әр елді мекенде, ауылдарда,
аудан орталығында осы кең-байтақ жерімізді мекен етуші халықтардың  өзара сыйластығын өрістету, бірлесе жұмыс
істеудің артықшылықтарын насихаттау баса айтылды. Расында Шиелі ауданы – түрлі
этностардың басы көбірек қосылған, ауызбірлігі жарасым тапқан өңір. Олардың
арасындағы өзара құрмет, сенімді қарым-қатынас жалғасын табуда. Орыс, украин,
корей, шешен, түрік, болгар, өзбек халықтарының өкілдері бір атаның баласындай
бірлікте өмір сүріп келеді. Басқосуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
ел болашағына арналған маңызды мәлімдемелері мен бағдарламаларын бірлесе
орындау жолында аудан халқы өнегелілік танытып, қоғамдық келісім мен
тұрақтылықты нығайту барысында тындырымды тірліктер атқарғандығы сөз етіліп,
алдағы күндерге жоспарлар жасалды.

 

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Шиелі ауданы.

<!–
[if gte mso 9]>

<!–
[if gte mso 10]>
/* Style Definitions */
table.MsoNormalTable
{mso-style-name:»Обычная таблица»;
mso-tstyle-rowband-size:0;
mso-tstyle-colband-size:0;
mso-style-noshow:yes;
mso-style-parent:»»;
mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt;
mso-para-margin:0cm;
mso-para-margin-bottom:.0001pt;
mso-pagination:widow-orphan;
font-size:10.0pt;
font-family:»Times New Roman»;
mso-ansi-language:#0400;
mso-fareast-language:#0400;
mso-bidi-language:#0400;}

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз