ТЕМІРЖОЛДЫҢ ТАРЛАНЫ

60

0

– Балам, «Әке
көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді” деген, менің жолымды қусаң, жаман
болмассың, – деді Ердүйсенге әке­сі. – Теміржол – күре тамыр ғой, осы салада
еңбек еткенің жөн секілді.

Көп сөзге жоқ,
обал-сауапқа қа­­раң­қырайтын, ескіше де оқуы бар, жаңа өмірден хабарлы кісі еді жарықтық Са­ғынтай көкесі. Ке­зінде
машинистің көмекшісі ре­тінде өзі еңбек жолын бастаса, кей­інгі 25 жыл бойы
темір­жолдағы әс­керилендірілген күзет бөлі­мінде қызмет істеді.

Бұл 1971 жылдың
күз айы еді. Жас жігіттің бойшаң, тұлғалылығы, әр іске зейінімен ден қоятындығы
бас­шыларды да қызықтырды. Көп ұзамай тепловоз машинисінің кө­мек­шісі бо­лып
жұмысқа кірісті. Оның алдында арнайы курстан өтіп кел­ді.

Адам уақыттың қалай өткенін де байқамай
қалады. «Аяқталған ай тураған ет секілді” дегендей, кө­мекші машинист болып
жүргенде ара­да жеті жыл өте шығыпты. Айт­пақшы, Германияда екі жыл әс­кери
борышын өтеп келді. 1978 жылы Ердүйсен Ах­метов Қазалы қаласында тепловоз ма­ши­ни­сін
дайындайтын курста білі­мін шың­дап,
білігін молайта түсті. Содан ар­қыраған алып машинамен Қазақ­станның біраз
жерін шарлады-ау. Шаршадым демеді, өз ауысымы кел­генде түн бе, күн бе деп са­наспай,
талмай жортты. Жұмысы тың­ғылықты болған соң, абыройы да асқақтап, табысы да
жаман бол­ған жоқ. Ең бастысы – реттілікке, тәр­тіпке әбден бойұсынды, басқа­лардан
да осыны талап ететін құнт­тылығы әріптестері арасында жо­ғары бағаланды. Осы
бедел, бі­ліктілік ұжым басшыларының берік сенімін оятып, оны 1980 жылы депо
кезекшілігі қызметіне жоғарылатты. Содан бері Е.Ахметов Шиелі стан­циясындағы
№6 айналым локо­мотив депосында аталмыш қызме­тін атқарып келеді. Содан бері 34
жыл өтті. Бұл жігіттің есею, толысу жыл­дары ғой.

– Депоға келген тепловоз уақы­ты­лы техникалық жабдықталуы ти­іс.
Берілген уақыт аралығында бұл шаруалар тыңғылықты да, тия­­нақты орындалады. Ол
үшін әр­бір қызметкер, слесарьдің жауапкер­шілігі мықты болуы тиіс. Бұл жерде
кей­ін­ге қалдырылатын бірде-бір жұ­мыс болмайды, – дейді ол бізбен әңгі­месінде.

Теміржол бойы өзіндік өмірлік үрдіс пен реттілікке құрылған. Оның
жартылай әскериленгендігі де осы талапқа саяды. Теміржол бойындағы үлкен
көлемдегі жүк тасымалы, жо­лау­шылар қатынасы бәрі де эконо­миканың нығаюына
қызмет жасар еді. Сондықтан Ер­дүйсен секілді жауап­ты қызметте жүрген
азаматтарға ар­ты­лар жүктің салмағы аз емес. Қара­пай­ым ға­на мына мысалға
назар ауда­ра­лықшы. Бір тепловоздың өзіне бір ауысымда 6800-ден 7300 литр жа­нар­май
құйылады. Сол секілді 800 литр суды және құю керек. Басқа ақау­лықтарды тез
ретке келтіру үшін 8 адамнан құралған бригадаға 1 сағат 12 минут уақыт
беріледі. Осы мерзімде тапсырылған жұмысты са­палы етіп атқарып шығуға ти­іс­сің.
Мұны өзге де жауапты қызмет­керлермен бірге депо кезекшісі ба­қы­лайды
және та­лап етеді. Бір ауысымда осындай 20-30 теп­л­овозға техникалық қызмет жа­­сауға
тура келеді. Өзімен бірге жұ­мыс іс­тейтін машинистер – Алмас Сү­лейменов,
Әмірхан Маханбетов, Бау­­ыржан Ержанов пен шебер Ке­мал Мыр­захметовтер де аға
тол­қыннан үй­ренген, тыңғылықты жі­гіттер.

Адамның өз ортасындағы дұ­рыс қарым-қатынасы, оның өмір сүру құш­­тар­лығын
арттырып, абырой­ын көтереді. Осы орайда оның отба­сын­дағы жайлылықты айтқан
жөн болар. Өмірлік қосағы – Мейрамкүл екеуі түтін түтеткелі де көп жылдар өтті ғой. Тату-тәтті тіршілік
етіп келеді. Ұлы Әбілжан мен қызы Ақ­нұр жоғары білімді мамандар. Ал бала
кезден бергі достары Ас­қар, Ғани, Қабілештермен жиі жолы­ғысып,
қуаныш-реніштерін бө­лі­сіп отырады. Тілектес кісіңнің көп бо­луы да
адамның мерейін өсіріп отыратын жағдайлардың бірі болса керек.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі станциясы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз