ТЕРЕҢӨЗЕКТЕГІ НАУРЫЗ ТОЙЫ

46

0

Кеше Сырдария ауданының орталығы
Тереңөзек кентінде әз Наурыз мерекесі тойланып, спорттық ойындардан жарыстар
ұйымдастырылды. Театрландырылған және музыкалық қойылымдармен басталған
орталық алаңдағы думан аудан тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шараға аудан әкімі
Ғанибек Қазантаев қатысып, барша жұртты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен
құттықтады.

 

– Ұлтымыздың қастерлі де қадірлі,
ұлық мерекесі Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Наурыз –бір­лік пен
ынтымақтың мерекесі. Ұлыс­тың ұлы күні – барлығының көңіл­де кірбің қалмай
қауышатын, түсініс­тікпен табысатын күні. Бір-біріне бақ-береке тілеп, амандық
айтысады. Бейбіт тірлік пен берекелі бірліктің, жарқын болашаққа деген сеніммен
еліміз қарыштап дами берсін! – деді. Соны­мен қатар, аудан әкімі мәжіліс және
мәслихат сайлауында аудан халқының 90,2 пайыз дауыс бергенін жеткізді. Халыққа
арнаған құттықтауынан соң аудандық мәслихат хатшысы Батырбек Маншариповке
аудандық мәслихат ше­шімімен «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағы мен
төсбелгісін тақты.

Мерекеге орай, алаңда ауылдық
округтер мен шаруашылықтар құрған киіз
үйлерде наурызкөже таратылып, белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы аудан
тұрғындарына әннен шашу шашты.

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Сырдария ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз