ТЕЗ ҚАСЫНДА ҚИСЫҚ АҒАШ ЖАТПАЙДЫ

95

0

Облыс
прокуроры Сапарбек Нұр­пейі­совтің төрағалығымен өт­кен үйлестіру ке­ңесінде
білім беру ұйымдарының 2014-2015 жаңа оқу жылына дайындық ке­зеңіндегі заң­ды­лықтың
сақталуы сөз болды. Кәме­летке толмағандардың құ­қық­­тары мен мүдделерінің
бұзылуын бол­дыр­мау бағытында атқарылып жат­қан іс-шаралардың тиімділігі мен
мақ­сат­тылығы, сондай-ақ уәкілетті мем­лекеттік органдардың бұл бағыттағы
қызметінде заңдылықтың қолданылу жағдайы жә­не басқа да проблемалық мәселелер
талқы­ланды.

Өңіріміздегі бірқатар
білім беру ұй­ымдарының жаңа оқу жылына дайын­ды­ғының төмендігін атап өткен
облыс про­курорының аға көмекшісі Әліби Зей­нолла саладағы түйткілдерді
тарқатып берді. Баяндамашының айтуынша, об­лыс­тағы 291 орта мектептің жиырма
бе­сі апатты жағдайда көрінеді. Бұдан бас­қа білім ошақтарының тең
жартысы са­нитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына
сәйкес келмесе, жеті мектеп спорт залдарымен жабдықталмаған.

Биыл білім беру
ұйымдарына жөн­деу жұмыстарын жүргізу үшін қомақ­ты қаржылар бөлінгенімен,
тиімді пай­да­ланылмаған. Мәселен, облыс орта­лығындағы 15 мектептің жөндеу
жұмыс­тары 30 тамызда бітеді деп белгіленсе, Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп
20 қыркүйекке белгіленген. Одан бөлек көп жылдан бері құрылысы бітпеген алты
мектеп бар екен. Аталған құрылыстардың тезірек аяқталуына жергілікті атқарушы
органдар тарапынан табандылық байқал­майтын сияқты. Бұл орайда құрылыс бас­қар­масы,
мердігер мекеме, білім орын­дары арасында үйлесімді жұмыс қажет.

Жекелеген білім беру
ұйымдары басшыларының салғырттығы салдарынан мектептер сатып алынған құрал-жаб­дықтармен
қамтамасыз етілмеген. Айта­лық, Қызылорда қаласындағы мектептерге 112 млн.
теңгенің, Сырдария ауданының мектептеріне 17 млн. теңгенің сатып алын­ған
құрал-жабдықтары әлі күнге жет­кізілмеген.

Жалпы білім беретін
мекемелердің сы­ныптарында оқушы санын жиырма бес­тен асырмау заңнамамен
белгіленсе де, ол жүзеге асырылмайды. Облыс орта­лығындағы бірқатар
мектептердің сы­ныптарында 40 оқушыдан сығылысып оты­рып, білім алатын
көрінеді. Бұл білім беру сапасына кері әсерін тигізетін фактор десек, тағы бір
олқылық – мамандығы сәйкес келмейтін және сотты болған ұстаз­дардың білім
беруі. Мысалы, мектеп пен колледждерде сабақ беретін жеті тұл­ғаның
соттылықтары жойылмаса да, мұғалімдікке қабылданғаны анықталды.

Қылмыстар мен құқық
бұзушылық­тардың орын алуына негізгі себеп – мектеп директорларының бір орында
ұзақ отыруы, қаржыны игеру, сағат жүктемесінің бө­лінісі және мұғалімдерді
жұмысқа қа­былдауда үйлестіруші орган тарапынан бақылаудың жоқтығы. Облыстық
проку­ратура Қызылорда қаласындағы №120 орта мектеп қызметіне жүргізген тексеру
барысында директордың ұжымды он жыл басқарғанын, осы аралықта нәтижелі жұ­мыс­тарға
қол жеткізудің орнына өрескел заң бұзушылықтарға жол бергенін анық­та­ған.

Білім беру ұйымдары
басшыларының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қажетті деңгейде болмауымен
қатар, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда тиісті жұ­мыстар
атқарылуы тиіс. Қазіргі таң­да облыс ішкі істер органдарының кә­ме­летке
толмағандар ісі жөніндегі бөлім­шелеріне 287 жасөспірім мен 308 қолай­сыз
отбасылары есепке алынған болса, он үш жасөспірім девиантты мінез-құ­лықты
мектеп-интернатына жолданған. Осы 287 жасөспірімнің басым бөлігі Қызылорда
қаласындағы мектептер мен колледждердің оқушылары екен.

Үйлестіру кеңесінде
саладағы кемші­ліктерді шұғыл жою шаралары міндет­телді.

Бақтыбай
БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз