ТІЛГЕ ТІРЕК БОЛАЙЫҚ

148

0

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» деп
жазушы Ә.Тәжібаев жырлағандай, Тәуелсіздігіміздің басты белгісі – ана тіліміз бен
ұлттық мәдениетіміз ең асыл қазына, өшпес мұра екенін есімізден шығармайық. Тәуелсіздігіміздің
туы мәңгілік желбіреуіне, ана тілінің маңызы айрықша зор екенін ескере отырып, ана
тілінің тереңдей дамуына бар күш-жігерімізді салып, өскелең ұрпақ, жас буынға дұрыс
бағыт, оң тәрбие беруді ұстаздар қауымы мақсат тұтады.

Тіліміздің осынау қадір-қасиеті, сан қырлы
байлығы, тұңғиық тереңдігі бүгінгі таңда
сіз бен біздің ардақты кәсібіміздің мән-мағынасын одан әрі ұлықтауға тамаша күш берері сөзсіз. Халықтың болмысы, өркениеттілігі,
саналылығы және сауаттылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымы кеңдігімен,
оралымдылығы мен ұтымды айта білуімен өлшенеді.

Ерте заманда ел бастаған көсем де, дауды
шешкен би де осы құдіретті тілге сүйенген,
осы тілге жүгінген. «Тіл өнері дертпен тең» деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген
бабаларымыз дау-дамайда бір-ақ сөзге тоқтап, ұлттық асыл мұра – ана тілін құрметтей
білген. Қазақ тілінде дүниеге келген туындылардың өзі ұлттық ділден айырылмайды.
Жеріміз қаншама ұлан-байтақ болса, аспанымен таласқан таулары қандай биік болса,
сылдырлай аққан өзендері қандай мөлдір болса, қазақ адамдарының пейілі қандай кең
болса, қазақ тілі де сондай көркем, шаңырағы биік, тынысы кең екендігін көрсетеді.

Тіл саулығы – ел саулығы. Қазақ тілінің
мәртебесін көтеру барша қазақ халқының үлесі, басы балабақша-мектептен бастап, мемлекеттік
мекемелерге дейін әр қазақ баласы бойы­­на ананың ақ сүтімен тараған ана тілін қастерлей
білуі ләзім. Тіл – ұлттық рух негізі, мемлекеттік басты мәселе. Ұлттық рух негізі
– ұлт тілін ұлықтау. Оны төрге шығару баршамыздың борышымыз.

Күлпаш ШАРИПОВА,

№15 мектеп-лицейінің мұғалімі.

Қызылорда қаласы.