Тәні таза болмаса – қалай өмір сүре алар, Ауылы таза болмаса – азаматы сыналар…

72

0

Облыс бойынша көркейту-көгалдандыру және тазалыққа арналған екі айлықтың аяқталуына санаулы күндер қалды. Қызылорда қаласында апта сайын ұйымдастырылатын сенбіліктерде мыңдаған түп көшеттер егіліп, қоқыстар шығарылуда. Алайда, төмендегі суреттер аудан орталықтарындағы тазалық шараларының деңгейінен хабар беріп тұрғандай. 
Жөндеу көрмегеннен алқам-салқамы шыққан үйлер, белгіленбеген жерлердегі қоқыс қалдықтары көзге ұрып тұр. Орталық көшелерде орналасқан үйлердің ауласындағы контейнерлердің айналасы кішігірім қоқыс алаңына ұқсайды. Үйлердің ауласын айтамыз-ау, базарлар мен әлеуметтік нысандардың маңайы қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Осыдан кейін аудан орталықтарында тазалыққа арналған шараларға тұрғындардың салғырт қарап отырғанына  көзіңіз жете түседі. 
Өзі тұрып жатқан елді мекеннің келбетіндегі келеңсіздікті көрмейтіндер мамырдағы мерекелерді қоқыс үстінде атап өте ме? Арнайы штабтар тазалық сақтамаған нысандарға шара қолданып-ақ жатыр. Бірақ тұрғындар тарапынан тазалыққа деген талпыныстың кемшіндігі көңіл қынжылтады. 
Тазалық қазіргі күн тәртібінде тұрған келелі мәселе. Бұл облыс әкімінің бақылауында екенін, ол турасында аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар өткір қойылып отырғанын да ескеруіміз керек. Сондықтан әркім өз иелігіндегі тұрғын үй маңы, ауласы мен сыртқы келбеті үшін өзі жауапты. Бұл міндеттерді әрбір мекеме де жете түсінетін уақыт жетті.  
Тазалықтың табалдырықтан басталатындығын ұмытпайық…
 
Қызылорда қаласы, Темір жол бойы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 Жаңақорған ауданы, Кенттің шет аймақ бөлігі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шиелі ауданы, көпқабатты тұрғын үйлер ауласы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сырдария ауданы, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және жоюға арналған полигоны.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жалағаш ауданы, Орталық стадионның жаны.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қармақшы ауданы, Жосалы кентіне жаңа көпір жақтан кіреберісі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Арал ауданы, Темір жол вокзал бөлігі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазалы ауданы, көпқабатты тұрғын үйлер ауласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз