ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

80

0

Төтенше жағдайлар
департаментінің бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы көпшіліктің көз алдында.
Өйткені, орын алған әр түрлі оқиғалардың басы-қасында жүретін, дер кезінде
адамдарға көмек беретін ұжым орасан жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінде, қандай
маңызды шаралар атқарылып жатыр деген сұраққа толыққанды жауап алу үшін
Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары М.Келесовпен әңгімелескен едік.


Министрліктегі жоғары оқы­ту­лардың біріне қатысып кел­ді­ңіз? Курстан
көкейдегі сұрақ­та­рыңызға жауап ала алдыңыз ба?

– Осы
жылдың сәуір-мамыр айында ҚР ТЖ министрлігінде өңірлік бөлімше басшыларына
арналып, жоғары курстық оқыту өтті. Онда келелі тақырыптар кеңінен талқыға
салынды. Атап айтсақ, Азаматтық қорғау саласындағы заңнамалардың өзгеруіне
сәйкес төтенше қауіп туған кездегі хабарландыру және ақпараттандыруды ұйымдастырудың
қағидалары, «Саламатты Қазақстан» бағдарлама­сының жүзеге асырылуы, күре
жолдағы медициналық құтқару бекеттерінің құрылуы, космостық саланың дамуы және
космостық мониторинг жайы айтылды. Сондай-ақ, спорттық-техникалық база
дайындығының жүргізілуі, Алматы қаласында өтетін өрт-құтқару спортынан Х әлем
чемпионатының ұйымдастырушылық жайы, көлік­тік медицинаның дамуы да назардан
тыс қалмады. 2012-2014 жылдардағы кешенді және та­қы­­рыптық тексерулердің нәти­же­­ле­рін
мысалға келтіре оты­­­рып, аумақтық органдар қыз­ме­ті­нің ұйымдастыру-басқару
қыз­метіндегі өзекті мәселелер де курста қамтылды. Байқап отыр­ғандай, барлығы
да ауқымды мәселелер. Курста әр тақырыпқа кеңінен тоқталып, теориялық және
практикалық жағынан біліктілікті тереңдетуге септігін тигізді.


Қазіргі жаңадан жариялан­ған Азаматтық қорғау туралы заңда қандай өзгешіліктер
бар?

– 2014
жылдың 26-сәуірінде «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V
Қазақстан Республикасы Заңы күшіне енді. Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі
іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының
алдын алып, жоюға, ТЖ аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық
көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге бағытталған. Сонымен қатар, ҚР азаматтық қорғанысының негізгі
міндеттерін, құрылуы мен ұйымдастырушылық қағидат­та­рын, мемлекеттік
материалдық резервті қалыптастыруды, сақ­тау­ды және пайдалану­ды, ава­риялық-құтқару
қызметтері мен құ­ра­лымдарының ұйым­дас­тырылуы мен қызметін айқындайды.
Осыдан байқағанымыздай, бірнеше заңның басын біріктіріп бір заңға
топтастырғандықтан, мұн­да барлық салаға да біршама өзгерістер бар. Мәселен, қауіпті өндіріс нысандарын
пайдалану барысында қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына өзгерістер
енгізілді.


Төтенше жағдайдың алдын алу және жою комиссиясының жұмысы туралы не айтасыз?


Облыстық Төтенше жағ­дайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы
жоспарына сәйкес, 2014 жылдың І жартыжылдығында 7 отырыс (оның 4-і жос­пардан
тыс) өткізілді. Есепті мерзімде Қызылорда қаласы мен жеті ауданда бірнеше мәрте комиссия отырыстары болып, онда
бірқатар мәселелер қаралды.

Аймақта
қыс-көктем мезгілінде болуы ықтимал су тасқынының алдын алуға байланысты облыс
әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы тобы Сырдария өзені
бойындағы қорғаныс бөгеті мен су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне алдын ала
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аса қауіпті учаскені анықтады. Оған облыстық
мәслихат шешімімен қажетті қаражат бөлініп, өзен бойындағы қауіпті
учаскелердегі қорғаныс бөгеттерін жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмысы
жүргізілуде.

Конго-Қырым
геморрагиялық індет ауруының алдын алу шараларына орай, осы індеттің ошағы 116
елді мекенде анықталып отыр. Осыған орай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
елді мекендегі мал басын, қораларын, суаттары мен шаңлақтарына кенеге қарсы
залалсыздандыру жұмыстары үшін қажетті қаражат есептеліп, оның алдын алу,
өңдеу-улау жұмыстары атқарылуда.

Облыс
көлеміндегі шалғай орналасқан елді мекендерде өрт сөндіру іс-шараларын ұйым­дас­тыру
мәселесіне байланысты ерікті өрт сөндіру жасақтары, департамент тарапынан
арнайы курсқа жіберіліп, оқытылды.

Тұрмыстық
және коммуналдық-тұр­мыс­тық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ
жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарын күшейтуге байланысты «ҚазТрансГазАймақ»
АҚ Қызылорда өңірлік филиалымен бекітілген «2013-2014 жылдарға жылу
маусымындағы тұрмыстық газ қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік
шараларын күшейту» жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шара жоспары жасалып,
қауіпсіздік шараларын қадағалау үгіт-насихаттық жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда
қаласында орна­лас­қан азаматтық қорғаныс құры­лыстарының қазіргі кездегі
жай-күйі бойынша құзырлы мекемелермен бірлесіп, түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңақорған
ауданындағы су қоймалары бөгеттерінің жағ­дайына сәйкес ықтимал төтен­ше
жағдайлардың алдын алу және жақын орналасқан 3 елді мекенді су басу қаупін
болдыр­мау мақсатында Талап ауыл­дық округінде «Бесарық» су қоймасындағы 14,650
млн. текше метр су 10 млн. текше метрге дейін азайтылды. Бұзылған жерлері қой
тастармен бекітіліп, қалыпты жағдайға келтірілді. Күрделі жұмыс жүргізуге қажет­ті
қаражат мөлшері 360,8 млн. теңгені құ­рап отыр. Осындай жағдай «Жиделі» су қой­масында
да қалыптасып, күрделі жөндеуге қаражат қажеттігі анықталды.

Жазғы кезеңде облыс су айдындарында
судағы қауіпсіздік шаралары да күн тәртібінен түспей отыр. Облыс аумағындағы су
айдындарындағы азаматтардың қауіп­сіздігі туралы мәселе 14 мамырдағы
аталмыш комиссия отырысының күн тәртібінде
қаралып, әкімдіктер мен құзырлы мемле­кеттік мекемелерге нақты
хаттамалық тапсырмалар берілді.

– Өрт оқиғалары туралы, оның алдын
алу жөнінде айтсаңыз?

– 2014 жылдың есепті кезе­ңін­де
облыс көлемінде түрлі ша­руа­шылық бағыттағы барлы­ғы 501 нысанға бақылау жұмыс­та­рын
жүргізу мақсатында өрт -тех­никалық тексерулермен 27620 же­ке тұрғын үйлерге­
өрт қауіпсіздігі саласында про­фи­лактикалық іс-шаралар жүзе­ге асырылды. Өрт
қауiпсiздiгi қағидасы талаптарын бұзған 423 жеке және заңды тұлғаларға қатысты
әкімшілік өндіріс қозғалып, 66 жеке тұлғаға, 344 лауазымды тұлғаға, 7 заңды
тұлғаға әкімшілік айыппұлдар салынды.

Атқарылған жұмыстарға қара­мастан,
облыс бойынша орын алған 230 өрт
жағдайлары кезінде 9 адам жарақат алып, 4 адам қаза болған.

Оған қоса жергілікті «Қоғам»
телеарнасынан «Құтқарушы» бағ­дарламасы көрсетіліп жатыр. «Сета» радиосы арқылы
аудио­рликтерді ротация жасау қолға алынды. Баспасөз беттерінде тұ­рақты
қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде
мақалалар жариялануда. Қала көшелеріне тақырыптық билбордтар ілінді. Сонымен қа­тар,
департамент жанынан «Сыр құтқарушысы» журналы
былтырдан бері ай сайын
жарық көріп келеді.

– Әңгімеңізге рахмет. Қызмет­те
абырой биігінен көрініңіз.

Сұқбаттасқан, Айгүл АСЫЛҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз