ТӘУЕЛСІЗ САРАПТАМА – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

55

0

Еліміз тәуелсіздік алып, демократиялық құндылықтарға, өркениетке бет
бұрған кезде Қазақстанның әрбір азаматы
өз құқығын ғана емес, сонымен қатар, заң нормаларын да жетік біліп, құқықтық
сауаттылығын дамытуы тиіс. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы
халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген өз құқықтарын, заман талабын білуі
қажет.

Бұл – өмір заңдылығы, дәу­ір сұранысы. Себебі, еліміз өрке­ниетке қадам
басып, көптеген шет мемлекеттермен қарым-қа­­ты­насқа түскеннен бастап,
ата-бабамыздан қалған кейбір құн­­дылықтар, атап айтсақ, адам­дардың бір-біріне
деген жанашыр көзқарасы, адалдығы, ту­ыстық, сый­ластық қарым-қатынасы жо­­ға­лып
бара жатқаны жалған емес. Бұрын жалғандыққа жа­ны қас қазақ туралықтан ау­ыт­қып,
кей азаматтардың жаса­ған қыл­мыс­тарын жасыру мақса­тын­­да жал­ған куәлік
беріп, анық­тау­шы­лар­ды, тергеушілерді, судья­лар­ды неше түрлі шырғалаңға
салуы соның бір айғағы деп есептеуге болады. Осы орайда, қылмыстың түбегейлі
түйінін шешуде сарап­тама қызметінің елеулі орны бар екендігіне көп ретте мән
беріле бер­мейді.

Жалпы, сот сараптамасы ме­­­ке­­мелері қызметкерлерінің бас­­­ты міндеті –
құқық қорғау ор­ган­­дарының жинақтаған
құ­жат­тарына арнайы білімі мен бі­лік­тілігінің негізінде сараптама жүр­гізіп,
істің анық-қанығын егжей-тегжейлі саралап, зерделеп, оған шынайы, тиісті
бағасын беріп, қо­рытынды шығару. Бұл – өте ма­ңызды іс. Себебі, сарапшының
берген қорытындылары негізінде әділдік үстемдік құрып, шындық ашылады, қылмысты
анықталып, жазаланады. Сарапшы қорытын­дысы адамның өмірі мен тағ­ды­рына әсер
ететін болғандықтан, бұл сарапшыға
үлкен міндеттер жүк­тейді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бе­рі азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, олардың мүд­­­­делерін корғау үшін Сот са­рап­­тамасы саласында
алға жыл­­жуды, дамуды көздеген көп­те­­ген реформалар жүргізіліп жа­­тыр.
Соның бірі – жеке Сот са­­рапшылары институтын құру ту­­­­ра­­лы мәселе көптен
бері қоз­­ғал­­ғанымен, сөз күйінде қа­лып кел­ген болатын. Мүмкін, мұ­ның
объективтік себептері де бол­ған шығар, дегенмен, Қа­зақ­стан Рес­публикасы
Әділет ми­нистр­лі­гі­нің Сот сараптамасы ор­талығы мем­лекеттік мекемесіне
басшы болып И.Ш.Борчашвили келген соң барып бұл мәселе оң шешімін тапты.

Жеке Сот сарапшылары инс­титутын құру – уақыт және қоғам талабынан туындаған мәселе. Оның себебі, қазіргі
уақытта есеп бойынша мемлекеттік ме­ке­­ме­де қызмет атқаратын әр­бір са­рапшының
жүктемелері соң­ғы 16 жылда бес есеге дейін өскен. Оған қоса, еліміздің көп­теген
ел­­ді мекендері облыс, ау­дан ор­та­­лықтарынан шалғай жер­де, 300-600 шақырым
қа­шық­тықта ор­на­ласқан. Мұ­ның, ай­налып кел­генде, шал­ғай ау­дан­дардағы
зерт­теу ны­сан­да­рына сарапшының барып-ке­лу мүмкіндіктерін шек­теу­ге, са­рап­тама
жүргізу уақытын ба­рынша азайтуға қолайсыздық ту­­дыратыны сөзсіз. Оған қоса,
өр­кениетті, дамыған елдерде, мы­салы, Еуропа мен Америкада са­раптамаларды
негізінен мемле­кеттік емес мекемелер жүргізеді. Жеке Сот сарапшылары инс­ти­­туты
мемлекеттік сараптама ме­­кемелерімен өзара бәсекелес­тікке түскен уақытта,
сараптама сапасы арта түсетіні белгілі, мұ­ны өз ке­зегінде халықаралық
тәжірибе де растады.

Қазақстан Республикасының «Қа­зақстан Республикасындағы Сот сараптамасы
қызметі тура­лы» За­ңының 12-бабына сәйкес, сот сараптамасының өндірісі ҚР
Әділет министрлігінің Сот са­раптамасы органдарының қыз­мет­керлеріне, сонымен
қатар, ли­цензиямен қызмет атқаратын же­ке тұлғаларға жүктеледі деп атап
көрсетілген.

Демек,
мемлекеттік мекеме­лер­­де қызмет атқаратын сот са­рап­шысы мен жеке сот сарап­шы­­­сының
берген корытын­ды­ла­­ры заңдылық күші жөнінен, Заң­­­намаларда көрсетілгендей
тең дәрежеде болады. Себебі, же­­ке, тәуелсіз сарапшы да өзі­нің қызметін
жүргізуде Қазақ­стан Республикасының Консти­ту­­ция­сын, ҚР Заңдары мен нор­мативтік
құкықтық кесім­де­рін, ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Жар­ғы­сын
басшылыққа алып жұмыс атқарады.

Бүгінгі
таңда сот сараптамасы орталығы мемлекеттік мекеме­сі басшысының бастамасымен
және ҚР Әділет министрлігінің Ат­тестация комиссиясының ше­ші­мімен көптеген
сарапшылар же­ке сарапшылық лицензияларын алып қызмет атқаруда. Мен де солардың
бірі ретінде Сыр бой­ында дербес сарапшы ретінде бір жарым айдан бері қызмет ат­қарып
келемін. Осы мерзім ішін­де облыс бойынша барлығы 37 сараптама жүргізген
екенмін. Олар – жол-көлік оқиғасының жағдаяттарын зерттеу, автокө­лік­­тердің
құнын анықтау жә­не шаруашылықтардағы автокө­лік­тердің ескіруіне байланыс­ты
есептен шығару үшін арнайы есеп­­теулер жүргізу. Осы аз ға­на уақыттың өзінде
қыруар іс атқа­рылды. Бұл жайт осы саладағы жұмыстардың жыл санап көбейіп және
күрделеніп келе жатқанын аңғартады. Демек, үкіметтің жеке сарапшылар институтын
құру жө­­нін­дегі ұстанымы дұрыс деп бі­­ле­мін. Тәуелсіз сарапшыларға сұра­ныс­тың
бар екендігін уақыт дәлелдеп отыр, олардың халық­қа қажет екендігіне сенім мол.

Мемлекеттік
сот сарапшы­ла­ры болсын, жеке, тәуелсіз са­­рапшы болсын, олардың бар­лығы да
өз Жарғыларына сәйкес, құқық қорғау қызметінде жүріп, Ата Заңымызда
көрсетілгендей, еліміздің байлығы, құндылығы болып табылатын адам тағдыры­ның
шынайы қорғалуына атсалы­са беретіні сөзсіз.

 

Ә.ЕҢСЕБАЕВ,

тәуелсіз сарапшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз