ТУЫСЫМДЫ КӨРСЕМ ДЕЙМІН

62

0

Жасың ұлғайған шағыңда туған-туысыңды, жора-жолдасыңды есіңе жиі алады екенсің. 
Менің Есімхан есімді нағашы апам болатын-ды. Ол кісінің жас шағындағы киім киісі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, іс-қимылы, жұртпен қарым-қатынасы өзіндік болмысымен ерекшеленіп, жадымда жақсы жағымен жаңғырығып қалыпты. Тірі адамның тіршілігі таусылған ба, қым-қуыт жұмыспен жүріп, ол кісімен қатысуға да мүмкіндігім болмапты. Есімхан апамның Әлім, Марияш деген балалары бар еді. Мүмкін апамның өзі кетсе де көздері бар ғой, менің үніме құлақ түрер деген үмітім бар. 
Өзім қазір 86 жастамын, інім  Төлебай Бесарық ауылында тұрады. Көзімнің тірісінде нағашыларыммен қауышып, ұзақ жылдарға созылған сарытап  сағынышымды бассам  деген тілегім бар. Алла сәтін салса, тілегім орындалар, бәлкім.
Айша ДУАНБАЙҚЫЗЫ,
зейнеткер.
Қызылорда қаласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз