ТҰҒЫРЫМЫЗДЫ БИІКТЕТЕ ТҮСЕДІ

66

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жөніндегі ұсынысы дер кезінде жасалған ұсыныс деп ойлаймын. Қазір дүниежүзінде қаржылық дағдарыс белең алып, жер-жерде жұмыссыздар қатары көбейді.
Біздің елде
жағдай қалыпты деп айтуға негіз бар. Солай бола тұрғанымен Қазақстан жаһандық
экономиканың бір бөлігі ретінде  әлемдік
қаржылық-экономикалық дағдарыстың салмағын 
сезінуде. Оған қарсы  нақты даму
жоспары Елбасының өткен жылдың соңында бүкіл елге жолдаған «Нұрлы жол»
бағдарламасы екендігі айдан анық. Сондай-ақ елімізде ауқымды «Қазақстан-2050»
стратегиясы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылып
жатқаны да көңілге демеу бола алады. Демек, ел алдында жақсы басталған істі
алға апару, аяғына дейін жеткізу мақсаты тұр. Сондықтан қоғамды көп күттірмей
сайлау циклынан өтіп алу маңызды іс деп санаймын.
Бұл  барша халықтың және барлық мемлекеттік
органдардың, Үкімет пен Парламенттің дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға
жұмылуы үшін шешуші шарт болмақ. Халық қашанда 
шешуші кезеңде бір мақсатқа топтаса 
біліп, кез келген сын-қатерлерге бір адамдай қарсы тұрды. Бұл жолы да
солай болары хақ. Президенттік сайлауды биылғы жылы өткізудің маңызы айрықша.
Талай қиындықты, бастан өткерген қазақ халқы бұл сындарлы сәттен де сүрінбей
өтетініне сенім кәміл.
Бақыт КЕНБАЕВ,
ауыл
шаруашылығы ғылымының
докторы,
профессор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз