Ұялы телефонды дұрыс қолдана білеміз бе?

87

0

Ұялы байланыссыз өмір сүруді
көз алдымызға елестете алмаспыз, сірә. Дей тұрғанмен, біз смартфондарды
күнделікті өмірде дұрыс пайдалана алып жүрміз бе? Телефонды ұзақ пайдалану адам
ағзасын жансыздандырумен қатар, бас, ми, құлақ, тағы басқа мүшелерімізге қатты
зиян келтіріп жатқанын да сезбейміз. Ендеше, осы бір жадынаманы жадыңызға
сақтап жүрсеңіз, біршама септігі тиюі бек кәміл.

1. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу
керек, өйткені бұл сәтте электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады.

2. Сөйлесіп болған соң телефонды
құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу керек, себебі өшірген кезде толқындар
лезде құлаққа тарайды.

3. Жаңбырлы күні ұялы телефонды
қоспаған жөн. Найзағай соғу қаупі жоғары болса, магниттік күші көбейеді.

4. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15
минуттай ғана сөйлесу қажет.

5. Ұйықтаған кезде телефон аппаратын
1,5 не 2 метр
алыстау жерге қою керек.

6. Телефонды қалтадан бөлек жерде,
мәселен, сөмкеде ұстау керек. Егер қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс
қапшығына салып жүріңіз.

7. Сөйлесер кезде құлаққаппен
пайдаланыңыз, сол абзал.

8. Телефон төсегіңізде жатпауы керек.
Жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бас пен белдің
ауыратыны сондықтан.

9. Телефонды белде, кеудеге ұстауға
әсіресе, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Толқындар
ағзаның ішкі мүшелеріне зиян келтірді.

10. Жүкті әйелдер телефонды көп
қолданбауы керек, себебі оларға толқындар тым қатты әсер етеді.

11. Мүмкіндігінше балалардың
қолдарына ұстатпаған жөн.

Нұрбек
Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз