ҚЫЗМЕТ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

77

0

Өткен жылы Қазақстан Республика­сының
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы күшіне енгені баршаға мәлім. Осы заңда
«мемлекеттік қызмет көрсету» түсінігі кеңінен анықталған, негізгі тұжы­рымдамалар
мен басты басымдықтар ай­қын­далып көрсетілген және ол қызмет көр­сету жүйесін
реформалауда маңызды рөл атқарады. Соңдай-ақ, қызметті қол­да­­натын заңды және
жеке тұлғалардың құ­қықтары мен мемлекеттік қызметтің рә­сімделу, оның сапасына
шағымдану тәр­тіптері, мемлекеттік қызмет көрсетудің рег­ламенттері мен
стандарттарының шарттары мен қағидаттары осы заңнамамен белгіленген және қызмет
көрсетудің сапасын көтеру мақсатында қоғамдық
бақылау тәжірибеге енгізілген.
Бұл көрсетілетін қызметтерді бағалауға мүмкіндік береді, оның ашықтығы мен
жариялылығын қам­та­масыз етеді. Аталған маңызды мәсе­ле­лер Елбасының халыққа
арнаған Жолдауында да атап көрсетіліп, онда мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін
оңтайландырып, халыққа барынша қол­же­тімді әрі тиянақты ұсыну керектігі
айтылған. Осыған сәйкес, мемлекеттік қыз­мет көрсетуді іске асыру және халық­пен
байланысты қамтамасыз ету үшін облыстық мәдениет басқармасы тарапынан ел
Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мәдени құнды­лықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік беру» және
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғы­лыми-реставрациялау
жұмыстарын жүр­­­­гізуге келі­сім беру» мемлекеттік көр­се­ті­летін қызмет
стандарттарына сәйкес, мемле­кет­тік қызметтің екі түрі бойынша қажетті жұ­мыстар
жүргізу межеленген. Қыз­мет түр­лерін үйлестіру және қажетті шараларды
ұйымдастыру мақсатында же­ке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қыз­­­метті
қолдану тетіктерінің тиімділігін ұсы­ну, оның жариялылығын қамтамасыз ету үшін
облыс әкімдігінің үстіміздегі жыл­дың 1 сәуірдегі қаулысымен «Мәдени
құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келі­сім
беру» мемлекеттік қызмет көрсету рег­­ла­менттері бекітілді. Оның жобасы
жергілікті баспасөзде екі тілде жарық көрді.

Регламентке сәйкес көрсетілетін 2
қызметтің түрі төменде көрсетілген ережелер мен талаптарға сәйкес жүргізіледі:

– «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету
құқығына куәлік беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі ҚР «Мәдениет» туралы
заңының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы 8-бабы 6-тармақшасына сәйкес жүзеге
асырылады. Қазіргі таңда облыстық мәдениет басқармасы жанынан құрылған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету
жөніндегі сараптамалық комиссия мәдени құндылықтар елімізден тыс жерлерге тек уақытша экспозициялау, гастрольдік
қызмет, қалпына келтіру жұмыстары мен ғылыми-зерттеу, тұсаукесер, көрмелер және
халықаралық мәдени шаралар өткізу мақсатында ғана әкетілетуге жататын
құдылықтардың жай-күйін анықтайды, сараптама қорытындысы бойынша уақытша әкету құқығы туралы куәлік беріледі.
Осы куәлік арқылы мәдени құндылықтарды ел территориясынан және кедендік
шекарадан кедергісіз алып өтуге болады. Өз елімізден тыс жердегі мерзімі 6
айдан аспауы тиіс. Тек жеке тұлғаларға ғана өз меншігіндегі құнды дүниелерін
ұзақ мерзімге әкетуіне рұқсат етіледі.

Ал, екінші «Жергілікті маңызы бар
тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге
келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету де өзіндік ережелер арқылы жүзеге
асырылады. Қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз нысанында
тегін көрсетіледі. Жергілікті уәкілетті
орган (облыстық мәдениет басқармасы) тек жергілікті маңызы бар тарих және
мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім
береді.

Жоғарыда аталған шараларды сапалы әрі
тиімді жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттердің
талаптарын орындау облыстық мәдениет басқармасындағы осы қызметпен айналысатын
жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында ар-намыс нормаларын
сақтауы және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы түрде орындалуы үшін
қолайлы жағдай туғызу біздің ортақ міндетіміз және оның мақсаты мемлекеттік
органдар мемлекеттік қызмет көрсетуді өз уақытында, шынайы түрде атқару және
мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының бұзылушылығын болдырмау болып табылады.

Е.ӘБДІРАХМАНОВ,

облыстық
мәдениет басқармасының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз