Қызылорда облысы ТЖД бастығы О.Бержанов «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» VIII-ші облыстық еңбек форумында меморандумға қол қойды

75

0

Жақында Қызылорда қаласындағы «Абылай хан» колледжінің базасында Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» VIII-ші облыстық еңбек форумы өткізілді.
Еңбек форумының негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру саласында аймақтың еңбек ресурстарына сәйкес сұранысқа ие өңіріміздегі жүзеге асырылып жатқан индустриалды-инновациялық жобаларға, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі баяндалып, қол жеткен жетістіктер сараланып, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалып, мақсат міндеттері межеленіп, бір келісімге келіп ой бөлісіп, пікір алысатын алаңға айналып келеді.
Форум жұмысына меншік нысанына қарамастан Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары қатысты.
Форум аясында 3 секция жұмыс жасады, атап айтқанда:
1. «Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы – Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегаиялық факторы» тақырыбында диреткорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңарту жолдары.
3. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тәрюие жұмысы арқылы тұлғаның жалпыұлттық құндылықтарын қалыптастыру.
Сонымен қатар 4 байқау өткізілді, атап айтқанда:
1. Оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын бағдарлы байқау көрмесі.
2. Білім алушылардың «Өнертапқыш – 2017» техникалық шығармашылық жетістіктерінің көрмесі.
3. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының әдістемелік жұмыстарының көрмесі.
4. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарының арасында «Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым – 2017» көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған форум жұмысына жалпы алғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 225 өкілі қатысты. Форумның пленарлық отырысына Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов та қатысып, баяндама оқыды. Сонымен бірге ол аталмыш колледждегі «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығында білім алушыларды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде машықтандырудан өткізу жөнінде «Кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және тәжірибе базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен техникалық және кәсіптік білім беру үздіктері облыстық білім басқармасы тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз