ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ҚАЙДА ДЕМАЛУДА?

49

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА ҚАЙДА ДЕМАЛУДА?Жаз айы – нағыз еңбек демалысының маусымы. Бұл уақыт келгеннен бастап жұрттың көбі демалысқа шығуды, баратын жерін белгілеуді жоспарлай бастайды. Осы кездерде бірнеше айдан бері бар күш-жігерін жұмысқа салған кез келген адам бірқалыпты күйбең тіршіліктен бір сәт арылып, демалысын сәтті өткізгісі келетіні анық. Осыған орай бірі отбасымен бірге болып тұрмыстық жағдайына көңіл аударса, бірі ауыл-аймаққа жол тартады, енді бірі шет елде демалуды көздейді.

Шет елдедемалуғахалықтыңкөпшілігініңқалтасыкөтеребермейтінітүсінікті. Десекте, жиған-тергенінөзгеелдіңқоржынынасалушыларжоқемес. Сонымен қызылордалықтарқайдадемалғандықолайлысанайды? Неліктенөзжеріміздетабиғатыәсемдемалысорындарыболатұраөзгеелгемойынбұрамыз? Сауалғажауапіздеумақсатында аймақ тұрғындарынажақсыдемалыссыйлапжүрген «OАSIS travel kz» туристік агенттігінехабарластық. Белгіліболғандай, тұрғындардыңкөпшілігібиылғыжаздадемалуғаыңғайлыдепТүркияменИспаниямемлекетінетаңдаужасауда. Сондай-ақ,
Дубайға баратындар да табылуда. Тарихы терең, табиғаты сұлу бұл аймақтардағы
саяхатқа біршама қаржы кетеді. Мәселен, 10-12 күнге Түркияға 1200 доллар болса,
Испанияға 1500 еуродан жоғары. Әсіресе, түрік елінде демалуды қызылордалықтар
ғана емес, жалпы қазақ жұрты қалайды десек болады. Себебі, ақшаны үнемдеуге
қолайлы, визасыз бірнеше күн жүруге мүмкіндік бар. Ал, Біріккен Араб
Әмірлігіне көбіне қыс және күз айларында
барушылардың қатары көбейеді екен. Ыстық аймақ болғаннан кейін жаз мезгілінде
саяхатшылар бұл елді көп таңдай бермейтін көрінеді. Мезгіліне байланысты
демалыс жолдамаларында да айырмашылықтар бар. Қазіргі күні Дубайда болғыңыз
келсе, 750 доллар жетіп жатыр. Қыста баға бұдан да өседі. Қалтасына ауыр салмақ
түсіргісі келмеген кейбір жерлестеріміз көрші қырғыз ағайындардың еліне
тоқтауда. «Ыстықкөлде» болған бір күніңе 30 доллар төлейсің. Басқалармен
салыстырғанда әзірге бұл жердің бағасы
көңілге қонымды.

«Өткен жылдармен салыстырғанда биыл
өзге елде демалуды қалайтын саяхатшылар қатары көп. Жылдан жылға артып келеді.
Біздің турагенттіктің жұмыс жасағанына 2 жыл болды. Содан бері байқағаным, өз
еліміздің демалыс орындарының бағасын халықтың көпшілігі қымбат деп
санайды. Бүгінде тек «Сарыағаш», «Мерке»
санаторийлеріне жолдама алып жатыр. Онда да үлкен кісілер ғана. Бұл бізде
туризм саласын әлі де дамытуды қажет ететіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, жуырда
Байқоңыр қаласына инфатур болды. Мұның көмегі көп болып тұр. Себебі, Байқоңырды
көруге Алматы, Астана, тіпті, Ресейден хабарласып жатқандар бар. Енді осы жаққа
туристер қабылдауды бастайтын боламыз»,-деді «OАSIS travel kz» туристік
агенттігінің директоры Жанар Әділбекова.

Енді өз жерімізге көзжүгіртер болсақ,
бізде де шет елге бергісіз табиғаты көркем, ғажап мекендер жетерлік. Қапшағай,
Алакөл, Көкшетау, Каспий жағалауы еліміздің алдыңғы қатарлы демалыс орындарына
жатады. Алайда, бағалары көңіл қуантарлықтай емес. Көпшілік жұрт олардың көрсе­тетін
қызметі мен сапасының сын кө­термейтіндігін
алға тарта отырып, бұл жерлерде демалуға барғылары келмейтіндіктерін айтады.
Мәселен, Бу­рабайдағы бір күніңіз 12500 теңге болса, Қапшағай мен Каспийде – 50 доллар, Алакөлде 40 долларды құрайды. Әрі қарайғы кететін ақшаңызды өзіңіз есептей
беріңіз. Есесіне қазіргі таңда әсем келбетімен барша әлемнің назарын өзіне
қаратқан Астана қаласына саяхат жасаушылардың қатары артып келеді. Жыл сайын
сәніне сән қосқан Арқа төсінде бой
көтерген бас қала үшін бұл үлкен жетістік.

2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық
көрмесіне өңірімізден «Қорқыт ата» мемориалды кешені мен Байқоңыр ғарыш айлағы
ұсынылғаны белгілі. Қазіргі сәтте аталмыш нысандарға күрделі жаңғырту жұмыстары
жүргізілуде. Егер іске қосылса, бұл нысандар нағыз туристер мекені болатыны
сөзсіз. Осы жерде өңір халқының мақтанышпен айтатын кезекті демалыс орны
Қамбашты да айтпай кету мүмкін емес. Суы тұнық, жанға шипа дарытар мекеннің
алдағы уақытта қайнаған көпшіліктің ортасы болатынына сенім мол. Тек көңіл
аударып, қызмет көрсету мен инфрақұрылым сапасына жағдай жасалынса болғаны.

Жалпы, өзге елге телміргенді қойып,
қолда бар алтынның қадірін түсінетін әрі бағалайтын кез жеткен секілді. Яғни,
елімізде туризм саласын дамыту мәселесі қолға алынып, бір жолға қойылуы тиіс. Бұл туралы Үкімет
отырысында ҚР Индус­трия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев те
қозғаған болатын. Оның айтуынша, алдағы
уақытта бұл саланы дамытатын болсақ, туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1
пайызға жететін болады. Сол кезде 60
мыңға жуық жұмыс орны ашылып, халықтың жұмыспен қамтылуына зор мүмкіндік
ашылмақ. Бұл дегеніміз, жылына шет елге демалуға 400 млн. доллар жұмсайтын қазақстандықтар қаржысының өз
қоржынымызға түсетіндігін білдірсе керек.

М.ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз