ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАРҒА

47

0

тұрақты
зерттеу жүргізіледі

Қазіргі уақытта көптеген елдерде халықтың жұмыспен қамтылуы және
жұмыссыздық жайында деректерді қалыптастыру барысында сауалнама жүргізіліп,
экономикалық қызметті жұмыспен қамтылуын өлшеп көруге, жұмыссыздарды және
экономикалық белсенді емес тұлғаларды Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) еңбек
нарығының іріктемелі зерттеу әдісін қолданады.

Қызылорда облысында халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу 2001 жылдан
бастап тоқсан сайын жүргізіліп, 15 жас және одан жоғары жастағы 7,54 мың адам
зерттеледі. Бұл зерттеумен облыстың барлық аудандары қамтылған.

Еңбек нарығының негізгі индикаторларын өз бетінше жұмыспен қамтылғандар
мен жұмыссыздар санын қоса алғанда агенттікпен қолданылатын есепке алу
әдіснамасы ХЕҰ әзірлеген «KILM индикаторлар жүйесін қолдану бойынша басшылық»
халықаралық стандарттарына сәйкескестендірілген. Нақты тұлғаларды жұмыспен
қамтылғандар немесе жұмыссыздар қатарына жатқызу бойынша ХЕҰ әдістемесі
көптеген елдердің статистикалық тәжірибесінде қолданылады. Яғни ол халықаралық
салыстырмалы деңгейде еңбек нарығының көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.

Халықтың пікірін жинау сұрақтардың жүйелік логикалық принципіне
негізделген халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасы негізінде
жүргізіледі. Респонденттердің жауаптарынан экономикалық тұрғыдан белсенділігі
бойынша жұмыспен қамтылғандарға (жалдамалы және өз бетінше жұмыспен қамтылу
бойынша), жұмыссыздарға және экономикалық тұрғыдан енжар халық болып жіктеледі.
Ол халықтың экономикалық сипаттамасы және жұмыспен қамтылу мәртебесінің
халықаралық жіктемесі бойынша БҰҰ негізгі принциптеріне және ұсынымдарына
сәйкес келеді.

Жұмыспен қамтылу мәртебесінің халықаралық жіктемесіне (ICSE-1993)
сәйкес жұмыспен қамтылғандар жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлерге және өз
бетінше жұмыспен қамтылғандарға жіктеледі.

Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлерге ақы төлеуді сыйақы түрінде
(жалақы) көздейтін жалдау шарты бойынша (жазбаша немесе ауызша) жұмыс істейтін
қызметкерлер жатқызылады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- жалдау бойынша
жұмыспен қамтылмағандар.

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды келесі топтарға бөлуге болады: жұмыс
берушілер, өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер, отбасылы кәсіпорындарының
ақы төленбейтін қызметкерлері, кооператив мүшелері.

Жұмыс берушілерге қандай да бір экономикалық қызметтің түрінде
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және тұрақты негізде бір немесе одан да көп
қызметкерлердің жалдамалы еңбегін қолданатын тұлғалар жатқызылады. Өз бетінше
жұмыс істейтін қызметкерлер – ол экономикалық қызметтің қандай да бір түрін
жүзеге асыратын және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын
тұлғалар.Отбасылы кәсіпорындарының ақы төленбейтін қызметкерлері – бұл табысты
ішкі отбасылық негізде бөлу негізінде өзінің сыйақысын жалақы түрінде алатын
отбасылық кәсіпорынның қызметкерлері. Кооператив мүшелеріне кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын еңбек кооперативінің мүшесі болып табылатын тұлғалар
жатқызылады.

Қызылорда облысында 2014 жылғы бірінші тоқсанда халықтың жұмыспен
қамтылуын іріктеп зерттеу сауалнамасының қорытындысы негізінде өз бетінше
жұмыспен қамтылған халықтың саны 108
мың адамды құрады (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 32,3%). Соның ішінде
жұмыс берушілер – 2,8 мың адам, өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер –103,1
мың адам, отбасы кәсіпорнының көмекші қызметкерлері – 1,8 мың адам, кооператив
мүшелері – 259 адам.

«Өз бетінше жұмыспен қамтылған халық» санатындағы негізгі үлесті «өз
бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер» (95,5%) құрайды. Ол өз бетінше немесе бір,
немесе бірнеше серіктестіктермен жұмыс істеп, өз бетінше жұмыспен қамтылу
негізінде қызметпен айналысатын және тұрақты негізде негізгі қызметкерлерді
жалдамайтын тұлғалар. Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің ішінде
(103,1 мың адам) 87,2 пайызы жеке негізде жұмыс атқарады, 12,8 пайызы жеке үй
іргесінде өнім өндірумен қамтылғандар (өз тұтынуы үшін, сонымен қатар сату
үшін).

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі өз бетінше қызметін ауыл
шаруашылығында – 19 мың адам (17,6%),
бөлшек саудада – 41,1 мың адам (38,0%) және көлік және қоймаларда 16,3 мың адам
(15,1%) қызметін жүзеге асырады.

Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің нәтижесі бойынша орташа алғанда
өз бетінше жұмыспен қамтылған бір қызметкер аптасына 38 сағат (2013 жылы – 40
сағат) жұмыс істейтінін көрсетеді.

Өткен жылы Елбасының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғыру: Жалпы Еңбек
қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласы барысында Үкімет алдына қойған тапсырмасына
сәйкес ҚР Статистика агенттігі Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек
министрлігі, ЭБЖМ, ӨДМ және АШМ бірлесіп Қазақстан Республикасындағы өз бетінше
жұмыспен қамтылғандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және
жұмыссыз халықтың санын анықтау жаңа әдістемесін бекітті. Әдістеменің негізгі
мақсаты болып нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін тұлғалар санатын анықтауға
мүмкіндік беретін, сонымен қатар Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 механизмі
арқылы, сондай-ақ оларды формализациялау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру және
зейнетақы жүйесімен қамту және әлеуметтік сақтандыру үшін өз бетінше жұмыспен
қамтылған халықтың құрылымын қалыптастыру болып табылады.

Жаңа әдістемеге сәйкес Қазақстанда барлық өз бетінше жұмыспен
қамтылған тұлғалар жұмыспен нәтижелі
және нәтижесіз қамтылғандар болып екі топқа бөлінеді. Топқа бөлу кезінде
негізгі критерий тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіруден алынатын
орташа айлық табыстар деңгейі болып табылады. Ал Қазақстанның әр өңірінде оның
қалыптасқан ең төменгі күнкөріс мөлшерімен ара қатынасы белгіленген.

 

Бақыт САПАР,

облыстық
статистика департаментінің басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз