ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЙНАР БАСТАУЫ

121

0

Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты
әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі
мойындалған атауы – Конституция. Тәуелсіз даму жолына түскен елімізді биіктерге
бастайтын Ата Заңымыз мемлекеттік құрылымды дәйекті түрде анықтап, Президенттік
басқару үлгісін бекітіп берді. Барлық заңдар мен заңнамалардың бастауы болып
табылатын құнды құжат – Қазақстан Республикасының қалыптасу жолындағы
қиындықтарды еңсеруге ғана емес, халықаралық-құқықтық беделін күшейтуге
мүмкіндік беріп, ең басты құндылығы адам
және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарына кепіл болды.

Қастерлі құндылығымыздың қа­­ғидаттарын бұлжытпай орын­дау­­дың
нәтижесінде біз қысқа мер­зімде мызғымас мемлекетімізді ор­натып,
Тәуелсіздігімізді тұғырлы ет­тік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың
кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың
берік тұтқасы болды.Конституция мем­лекеттік би­лік­­тің қайнар көзі ха­лықтың
өзі екенін айқындады. Жа­ңа Конс­ти­туция қабылдау арқылы Қа­зақстан жаңа
дәуірге қадам басты.

Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан
мәңгілік елінің, Қазақстан халқының қарымды іс­тері бүгінде әлем жұртшылығы
үшін үлгі-өнегеге айналды. Біз­дің тәуелсіздігімізді нығайтты, мем­лекетті және
бүкіл қоғамды бе­­рік етті. Сондықтан да біздің ор­тақ парызымыз – негізгі
заңға құр­метпен қарау.

Еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары қадағалауды
жүзеге асы­ратын прокуратура органдары қо­ғамдағы заңдылық пен құ­қық­­тық
тәртіпті нығайтуға да өз үле­сін қосуда. Конституциямен белгі­ленген
міндеттердің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ау­мағында күші бар
заңдардың қол­данылуын, адам мен азамат­тар­дың конституциялық құқығы­ның
қорғалуын, қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзу­шы­лықтардың жіберілмеуін,
заң­ды­­лық­тардың дәлме-дәл бірың­ғай орындалуын бақылап, сот ше­шім­дері мен
қаулыларының әділ­дігіне ықпал ету жұмыстарын жүргізіп келеді. Ең алдымен адам
мен азамат­тың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау про­ку­рорлық
қадағалаудың басты мақ­саты мен міндеті болып табылады. Осы бағытта Қызылорда
облыстық прокуратурасы заңдылықтың сақ­талуы мен тәртіптің нығаюы, аза­маттар
құқығының бұзылмауына жол бермеу бағытында бірқатар іс-шараларды атқарып, кіші
жә­не орта кәсіпкерлікті қолдау, эко­ло­­гиялық заңнамалардың сақта­луы,
кәмелетке толмағандар мен жұмысшылардың еңбек құқық­та­ры­ның қорғалуына баса
назар ауда­рылды.

«Ел болам десең – бесігіңді тү­зе» дегендей, бүгінгі
күні елімізде жастар мен жасөспірімдердің білім алып, тәрбиеленуіне бағытталған
көп­теген игі шаралар қолға алын­ған. 2014 жылдың 6 айында про­куратура
органдары кәмелетке тол­мағандар туралы заңнамалар­дың сақталуына жүргізілген
тек­серулер нәтижесімен 4489 заң бұ­­зушылық анықтаса, енгізілген про­курорлық
қадағалау актілері негізінде 480 тұл­ға тәртіптік, 125 тұлға әкімшілік
жауаптылыққа тартылып, 1522 кә­мелетке толма­ғанның конс­титу­ция­лық құқығы
қорғалды.

Жақында аталған мәселе об­лыс­тық прокуратура
жанындағы Қо­ғамдық Кеңесте кеңінен талқы­ланып, нақты атқарылатын жұмыс­тар
белгіленсе, облыстық проку­ратура заңдылықты, құқықтық тәр­тіпті және
қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасызету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінде «Білім беру ұйымдарының 2014-2015 жаңа
оқу жылына дайындық кезеңіндегі заң­дылықтың сақталуы, оның ішін­де кәмелетке
толмағандардың құқық­тары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау бағытындағы атқары­лып жатқан іс-шаралардың
тиімді­лігі мен мақсаттылығы, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен бұл бағыттағы
қызметіндегі заңды­лықтың қолданылу жағдайы және басқа да проблемалық
мәселелер» туралы қаралды.

Бүгінгі күні прокуратура Ата заң­мен бекітілген әрбір
заңның үс­темдігіне ара түсуші, әділдікті жақ­таушы, заңнамалардың өз мақса­тын­да
қолданылуына қадағалау жа­саушы орган ретінде орныққан. Бізге жүктелген
міндеттердің та­ғы бір маңызды да салмақты буы­ны – мемлекеттік органдар қыз­метіндегі
заңдылық нормаларына мән беріліп, ондағы мемлекеттік тапсырмалармен қатар,
еңбек адам­­да­рының құқығының, еңбек ету қауіпсіздігі ережелерінің сақта­лу­ын
қадағалау болып саналады. Қабылданған прокурорлық ық­пал ету актілерінің
негізінде үс­тіміздегі жылдың 7 айында 31 ме­кеменің 9037 жұмысшылар ал­дындағы
724 млн. теңге жалақы қа­рыздарының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын
бұзған 41 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, облыстық про­курату­ра­
атқарған жұ­мыс­тардың нәтижесінде ағым­да­­ғы жылдың та­мыз айында
«Альянс-Доломит» ЖШС-ның 2013 жылдың желтоқсан айынан бе­рі еңбекақысын ала ал­май
жүрген 25 жұмысшыға 6,9 млн. теңге қарызы толығымен өтелді. Қазіргі таңда
жалақыдан қарызы бар 5 ұйымның 1-не қатысты банк­роттық, 1-не қатысты оңалту рә­сім­дері
жүргізіліп жатса, қалған 3-не қатысты оларды банкрот деп тану туралы сотта
азаматтық іс­тер қаралуда. Осылайша, облыс бой­ынша жалақыдан қарызы бар ұй­ымдар
қатарында тек дәрменсіз заң­ды тұлғалар қалып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау, та­биғи және
техногендiк сипаттағы тө­тенше жағдайлар, жер қойнауы мен жер қойнауын
пайдалану ту­ра­лы заңдардың қолданылуын қа­дағалау прокуратура органдары на­­­зарынан
тыс қалған емес. Үс­тіміздегі жылдың 6 ай­ын­да бар­лығы 9 тексеру ұйымдас­ты­рылып,
олар бойынша 34 ұсы­ныс енгізіліп, әкімшілік жау­ап­кер­шілікке – 17, тәр­тіптік
жау­ап­кер­шілікке 16 тұл­ға тартыл­са, құрып кету қау­пі төнген жа­нуарларды,
оның ішін­де ақбө­кендерді заңсыз аулау фактілері бойынша 4 қыл­мыстық іс
қозғалды. Тиісті экологиялық рұқсатсыз немесе нормативтен тыс қорша­ған ортаға
эмиссиялар орна­лас­тырғандары үшін мемлекет пай­дасына жер қойнауын пайдалану­шылардан
2717324737 теңге нақты
өндірілді.

Сонымен қатар, прокуратура
органымен әзірленген және об­лыс әкімімен бекітілген протон зы­мыран тасығышы
құлаған жағдайда жергілікті тұрғындарды жедел кө­шіру, басқа елді мекендердің
хал­қын құлағдар ету мақсатында «Про­тон зымыран тасығыштың құ­лау жағдайындағы
іс-қимылдар» ал­горитмі қабылдануына қол жет­кізілді.

Конституцияның 26-бабында
«Әркімнің кәсіпкерлік қызмет ер­кіндігіне, өзмүлкін кез келген заң­ды
кәсіпкерлік қызмет үшін ер­кін пайдалануға құқығы бар» деп көрсетілген. Кәсіпкерлердің құ­қықтарын қорғауда ағымдағы жыл­дың 6
айында 9 тексеру жүргізіліп, 64 заңдылықты бұзушылық анық­талды, 2 заңсыз
актінің күші жойы­лып, 22 тұлға тәртіптік және 1 тұлға әкімшілік жауаптылыққа
тар­тылды. Прокурорлық қадағалау акті­лерінің негізінде 76 кәсіпкердің құ­қықтары
қорғалып, 12,4 млн. тең­геден астам залал өндірілді. Мысалы, Кедендік бақылау
де­партаменті тарапынан 350 млн. теңгеге негізсіз берілген нұс­­­қаманың күші
жойылып, кә­сіп­кердің құқықтарына нұқ­сан кел­тір­ген департамент басты­ғының
орын­басары Ағабеков қыз­ме­ті­нен босатылса, кәсіпкерлік су­бъек­ті­ле­рін
тексеруге байланысты жа­рияланған мораторий талаптарын бұзғаны үшін ОІІД-нің
басқарма бастығы Уразовқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Қадағалау органдары қыл­мыс­тық
ізге түсу органдарының қыл­мыстық қудалауды жүргізуде әр­бір азаматтың
конституциялық құ­қықтары мен бостандықтарының сақ­талуына ерекше назар ауда­рып,
осы органдардағы ка­ме­ра­лар мен уақытша ұстау изо­ля­торларында, қызметтік
және өз­ге де үй-жайларында үздіксіз қада­ғалау орнатып, түнгі уақытта, ме­реке
жә­не демалыс күндері тек­серулер жүр­гізеді. Қазіргі уақыт­та «Полициядағы
кезекші про­курор – азаматтар құ­қы­ғының кепілі» атты серпінді жо­баның іске
қосылып, кезекші прокурор жүйесі келеңсіздіктерге жедел, жіті назар аударып,
полиция тарапынан кездесіп қалатын жо­сықсыз жағдайлардың жолын ке­суге үлкен
көмегін тигізіп отыр.Мысалы, 2014 жылдың 7 ай­ын­да ішкі істер органдары қыз­мет­керлерінің
7 адамды қызметтік ка­бинетте 3 сағаттан астам заңсыз ұс­тау деректері
анықталды. Атап айтсақ, 2014 жылдың сәу­ір айында қалалық ішкі істер
басқармасының қызметтік кабине­тінде Б.Мыңайдаров және А.Әл­жа­нов заңсыз 3 сағаттан ас­­там
ұсталған. Орын алған заң­дылықты бұзу­шы­лықтар бой­ын­­ша ОІІД-нің бас­ты­ғы
атына ұсы­ныс келтіру нә­тижесінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа
тартылды.

Еліміздегі азаматтардың конс­ти­туциялық
құқықтарын қор­ғау мақсатында халықаралық аренаға сәйкестендірілген, құқықтық
да­му үрдісімізге лайықты етіп жа­салған қылмыстық, қылмыстық про­цессуалдық,
әкімшілік құқық бұ­зушылық және қылмыстық ат­қару кодекстерінің жаңа нұсқасы Ел­басынан
қолдау тауып, қабыл­дан­ды.

Республика про­ку­ра­тура ор­ган­дарының
мәртебе­сі мен ат­қар­ған қызметі Консти­ту­цияда бел­гіленгендей, біз осы құ­зыреттілікте
мемлекеттің мүддесін көздей оты­рып, қоғамымызда құ­қық­тық заңдылықтың
сақталып, әділ ше­шімдердің үстемдік алуы мақ­сатында жүзеге асыра береміз.

Қазақта «Тәртібі жоқ елден
бірлік кетеді, бірлік кеткен жерден байлық кетеді» деген даналық сөз бар. Ал,
тәртіп пен бірліктің, өмір сүру мен дамудың негізгі қағидасы – Конституция.
Баршаңызды Конс­­титуция күнімен құттықтай оты­рып, дендеріңізге саулық, отба­сы­ларыңызға
бақ-береке тілеймін!

Сапарбек Нұрпейісов,

Қызылорда облысыныңпрокуроры, аға әділет
кеңесшіс
і.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз