Заман мен заң талабына сай жұмыс жасаймыз

45

0

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – ха­лық­тың
санитариялық-эпидемио­логия­лық салауаттылығын қамтамасыз ету және зерт­ханалық
зерттеулер мен өлшемдер тұр­ғысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

ҚР денсаулық сақтау саласын дамы­тудың
2011-2015 жылдарға арналған «Са­ла­матты Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ламасын
жүзеге асыру мақсатында бекітілген іс-шара жоспары бойынша санэпидсараптама
қызметі жұмысының тиімділігін жетілдіруде біршама жұмыстар атқарылды.

Облыстық санэпидсараптама орталығы
«Ұлттық аккредитация орталығынан» ИСО/МЭК 17025-2007 стандарт сәйкестігіне 2011
жылы аккредиттеуден өткен.

2012 жылдан бастап кәсіпорынның сынақ
орталығы зертханааралық салыстырмалы зерттеулерді ойдағыдай жүргізіп келеді.

Зертханалық зерттеулердің сапасын
жетілдіру мақсатында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес,
сапаны сырттай бағалау жүйесіне қатысады, Алматы, Тараз қалаларының
Референс-зертханаларымен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді.

Материалдық-техникалық жағдайды жақ­сартуда
жыл сайын ауқымды жұмыстар атқа­рылуда.

2013 жылы мемлекеттік тапсырыс есебінен
95 млн. теңгеге санэпидсараптама орталығының ғимаратына екінші қабат салынып,
бұл өз кезегінде жұмыс сапасын жақсартуға септігін тигізді.

Облыс бойынша зертханалардың жұмы­сын
жетілдіру, халықаралық стандарттарға және Кедендік одақ талаптарына сәйкес
жүргізу мақсатында 22 түрлі құрал-жабдық сатып алынып, іске қосылды.

Қазіргі таңда зертханаларда заманауи,
қымбат тұратын құрал-жабдықтарда жедел зерттеулер жасап, нәтижелерін қысқа
мерзімде беру мүмкіндігі туды.

Кадрлық саясатты оңтайландыру мақсатында, облыстық санэпидсараптама
орталығының мамандары Латвия, Италия, Ресейдегі ғылыми орталықтарда тәжірибе
алмасты. Сонымен қатар, мамандар республикалық базаларда да білімдерін жетілдіруде.

Кәсіпорында сапа менеджменті жүйесін
қалыптастыруда менеджерлер тобы құрылып, нәтижелі жұмыс атқарып келеді.

Кедендік одақтың шешімімен бекітіл­ген
техникалық регламенттерімен жұмыс жасау
– бүгінгі күннің негізгі талабы. Осыған орай, 2014 жылы 11 техникалық регламент
бойынша 1016 көрсеткішке аккредиттеу аймағы кеңейтілді.

2012 жылдан бастап облыстық
санэпидсараптама орталығы Кедендік одақ шеңберінде санитариялық-эпидемио­ло­гия­лық қадағалауға
жататын тауарларға зерттеулер жүргізіп, мониторинг жасап келеді.

Жыл басынан бері барлығы 3 515
сынама зерттеліп, оның 177-де сәйкессіздік анықталып, үлес салмағы 5
пайызды құрап отыр.

Облыстық санэпидсараптама орталығы «Нұр
Отан» партиясының қалалық филиалымен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста
жұмыс атқаруда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
мақсатында да кәсіпорынмен ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда,
ғимаратқа өткізу тәртібі қатаң сақталып, бейнебақылау орнатылған. Жеке және
заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау және құжат алмасу «бір терезе» қағидасы
бойынша канцелярия арқылы өтеді. Сынамаларды қабылдау да «бір терезе»
қағидасына сәйкес жүзеге асады. Ғимарат
кіреберісінде кәсіпорын және оның филиалдары басшыларының сенім телефондары,
азаматтарды жеке қабылдау кестелері, арыз-шағым жәшігі орнатылған.

Н.Нұрмағанбетов,

«Қызылорда облыстық
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз