ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ

50

0

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанда зейнетақы жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту қолға алынды.
Жаңғыртудың мақсаты зейнетақымен қамтамасыз етудің көпдеңгейлі моделін сақтай отырып, зейнетақы төлемінің жоғалған табысын алмастыру мөлшерлемесін арттыра отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңғыртудың бірінші кезеңінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды, ол мыналарды:
1) зейнетақы жинақтарын сақтауға ғана емес, сонымен бірге олардың өсімін зейнетақы активтерін бақылау және ел экономикасына, экономиканың ең перспективалы салаларының жобаларына тиімді инвестициялау есебінен  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құруды;
2) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін және тиісінше әйелдердің зейнетақы жинақтарының өсімін арттыру мақсатында  әйелдердің зейнеткерлік жасын біріздендіруді;
3) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына өтуін көздейді. Бұл осы санаттағы азаматтардың зейнеткерлікке ертерек шығуы үшін қажетті зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қосымша мүмкіндік береді.
Зейнетақы активтері мен жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өткізуге қатысты (2014 жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша) 
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін БЖЗҚ-на қабылдау-өткізудің бекітілген графигіне сәйкес қазіргі уақытта 7 жинақтаушы зейнетақы қорының («Республика» ЖЗҚ, «Отан» ЖЗҚ, «Капитал» ЖЗҚ, «Атамекен» ЖЗҚ, «Астана» ЖЗҚ, «НефтеГазДем» ЖЗҚ, «Грантум» ЖЗҚ) зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру жүргізілді. 
Зейнетақы активтері мен міндеттемелерді БЖЗҚ-на өткізу қорытындылары бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының 5,6 млн. астам дербес зейнетақы шоттары шоғырландырылған (оның ішінде, 2,6 млн. дербес зейнетақы шоттары берілген), бұл дербес зейнетақы шоттарының жалпы санының 60 %-нан астамын құрайды. 
Қазіргі таңда «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін өткізу жүргізілуде.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүргізуді беруге қатысты 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ¤ндірістердің, жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер кәсіптерінің тиісті тізбесі (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен) бекітілді.
МКЗЖ зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкердің ай сайынғы табысынан 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
МКЗЖ есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібіне ұқсас.
МКЗЖ аудару кезінде жұмыс берушілер жоғарыда аталған тізбені басшылыққа алуға тиіс және МКЗЖ аударуды зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайларына жатқызылған өндіріс түрлері бойынша және сол өндірістерде жұмыс істейтін адамдар үшін ғана жүргізулері керек.
Бұл ретте, аударымдар қызметкер бұл жұмысқа уақытша немесе тұрақты ауыстырылғанына және есептік кезеңнің мерзіміне қарамастан жүргізілетін болады.
Осылайша, МКЗЖ енгізілгеннен бастап еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін адамдардың дербес зейнетақы шоттарына қызметкердің жалақысынан ұсталатын 10% міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушілердің есебінен ұсталатын 5 % МКЗЖ түсетін болады.
Бұл ретте, жұмыс берушінің жүктемесі артып кетпейді, себебі кәсіптік зейнетақы жүйесіне аударылатын жарналар сомасы салық төлемдерін жүзеге асыру кезіндегі шегерімдерге жатқызылатын болады.
МКЗЖ және (немесе) өсімпұлды төлеуді толық және уақытылы жүзеге асыруды салық органдары бақылайды.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған еңбек жағдайлары жақсарған және зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, салымшылар (жұмыс берушілер) МКЗЖ төлеуден босатылады.
Жұмыс істейтін әйелдердің босану және балалар күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде олардың міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды енгізуге қатысты  
 Мемлекет басшысы зейнетақы мәселелері бойынша Қазақстан халқына үндеуінде (2013 жылғы 7 маусымдағы) Үкіметке жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың босану және балалар күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне мемлекет есебінен қосымша МЗЖ төлеуді қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 156-V Заңымен  Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстардағы әйелдердің МЗЖ субсидиялауды енгізуді көздейтін норма МЗЖ-ны жүзеге асырудың үздіксіздігін және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыс істейтін әйелдердің балалардың күтімі бойынша демалыстарда болу кезеңдерінде олардың зейнетақы жинақтарының көлемін арттыруды қамтамасыз етеді.
Жиынтық МЗЖ Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 % құрауға тиіс, ол үшін МЗЖ субсидиялау ай сайын жүзеге асырылатын болады.
Болжамды 10 % аударымдардың 4 %-ы әлеуметтік төлемдерден (міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражатынан) ұстап қалулардың есебінен, ал 6 %-ы бюджет қаражатынан қамтамасыз етілетін болады.
Қосымша МЗЖ-ны субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 2014-2016 жылдарға 30,6 млрд. теңге көзделген.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың екінші кезеңі шеңберінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасы дайындалды, ол Мемлекет басшысының мынадай:
жұмыс берушілерден қосымша бес пайыздық міндетті аударымдарды енгізу;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесін тағы бес пайызға кезең-кезеңімен арттыру;
зейнетақы активтерін экономиканың ең перспективалы салаларының жобаларына тиімді инвестициялау тетіктерін әзірлеу бөлігіндегі тапсырмаларын іске асыруды көздейді.
Бұл шаралар мемлекеттің де, жұмыс берушілердің де және қызметкерлердің де азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейіне деген ынтымақты жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, соның салдарынан кедейліктің алдын алуға және зейнетақымен қамсыздандырудың барабарлығын арттыруға мүмкіндік туады. 
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлерін   2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыру туралы 
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «… мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. …Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деген еді және Үкіметке мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлерін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырды. 
Осыған байланысты Министрлік қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы                  16 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуде.
Белгілі болғандай, соңғы жылдары мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың (МӘЖ) мөлшерлері жыл сайын болғаны 7-9 %-ға ғана арттыру жүргізілген, ал зейнетақылардың мөлшерлері жоғары қарқынмен (2009 жылы – орта есеппен 25 %-ға, 2010 жылы – 25 %-ға, 2011 жылы – 30 %-ға, соңғы жылдары 9 %-ға) арттырылып отырды.
Заңға өзгерістер Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс еселігін арттыру бөлігінде  енгізілетін болады (таныстырылымы қоса беріледі).
Мәселен, егер бірінші топ мүгедектері бүгінгі күні 1,36 ЕТК мөлшерінде МӘЖ алатын болса, олардың жәрдемақыларының мөлшері   2015 жылғы 1 шілдеден бастап 1,7 ЕТК-ні құрайды. 
Екінші топ мүгедектері мүгедектіктің себебіне байланысты бүгінгі күні 1,06-1,11 ЕТК мөлшерінде МӘЖ алады, ал 2015 жылдың екінші жартысынан бастап олардың жәрдемақыларының мөлшері 1,33 пен 1,39 ЕТК арасын құрайтын болады. 
Үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақы мөлшері ағымдағы жылы 0,74-0,87 ЕТК-ні құрады, 2015 жылдың екінші жартысынан бастап ол 0,93-1,09-ға дейін арттырылады. 
16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың жәрдемақысының мөлшері 1 ЕТК-ден 1,25 ЕТК-ге дейін көтеріледі.
 Соғыс мүгедектері мен соларға теңестірілгендерге берілетін жәрдемақы (мүгедектік тобы мен себебіне байланысты) 0,74-2,09-дан 0,93-2,61 ЕТК-ге дейін арттырылады.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін МӘЖ бойынша:
Асырауындағы 1 адамға мөлшері 0,66-дан 0,83 ЕТК-ге дейін, асырауындағы 2 адамға – 1,14-тен 1,43 ЕТК-ге дейін, асырауындағы үш адамға – 1,41-ден 1,76 ЕТК-ге дейін, асырауындағы төрт адамға 1,50-ден 1,88-ЕТК-ге дейін, асырауындағы бес адамға 1,55-тен 1,94 ЕТК-ге дейін, асырауындағы алты және одан да көп адамға 1,61-ден 2,01 ЕТК-ге дейін арттырылады. 
Сәйкесінше тұлдыр жетімдерге, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін жәрдемақылардың да мөлшерлері арттырылады. 
Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етеді. Болжамды есептер бойынша мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге қосымша қаражат қажеттілігі – 2015 жылы – 20,8 млрд. теңгені, 2016 жылы – 45,1 млрд. теңгені, 2017 жылы – 52,8 млрд. теңгені, 2018 жылы 53,9 млрд. теңгені құрайды.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 14 %-ға дейін, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 12 %-ға дейін арттыруға қатысты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының басшысы Н.Ә. Назарбаев азаматтық қызметшілердің (білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің) лауазымдық жалақыларын арттырумен қатар, халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар кешенінде зейнетақылар мен жәрдемақылардың да мөлшерлерін арттыру көзделгенін атап өтті.
Мәселен, ағымдағы жылдың басындағы арттыруды ескере отырып, Үкіметке зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін 14%-ға дейін, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 12%-ға дейін жеткізу тапсырылды.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық алушылардың зейнетақы төлемдері алатын зейнетақы мөлшерінен 9 %-ға арттырылғаны белгілі. Бұл шара әлеуетті құрылымдар саласының зейнеткерлерін қоса есептегенде 1,8 млн. адамды қамтыды. Арттыру нәтижесінде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 35 183 теңгені құрады.
Жүргізілген арттыру жұмысын ескере отырып барлық алушылардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тағы да арттырылатын болады, яғни 2014 жылы зейнетақыларды жалпы арттыру мөлшері 14 %-ды құрайды.
Арттыру тетігі мынадай: зейнетақы мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап айқындау үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін 14 %-ға арттыру қажет. 
Мысалы, азамат С-ның зейнетақы мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін 32 000 теңгені құраған еді, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 %-ға, яғни 34 880 теңгеге арттырылды. 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері мынадай тәртіпте есептелетін болады: 32 000 теңгені 14 %-ға арттырамыз, ол 36 480 теңгені құрайды (үстеме ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 600 теңге).
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайтын базалық зейнетақы төлемі ЕТК өзгеруіне байланысты 10 450 теңгеге дейін көтеріледі.
Басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты. 
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақы жылдың басынан бері 7  %-ға арттырылғанын ескергенде, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 12 % ұлғаяды. 
Нәтижесінде, аталған жәрдемақылардың мөлшері орташа есеппен: мүгедектігі бойынша 21 323 теңге, асыраушысынан айрылу бойынша – 19 804 теңге, жасына байланысты жәрдемақы 10 450 теңгені құрайды. 
Еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың көлемі 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша арттыруды қосқанда №1 тізім бойынша – 17 451 теңгені, №2 тізім бойынша 15 512 теңгені құрайды. 
Зейнетақы төлеуге қосымша қажеттілік 31,5 млрд. теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне – 10,6 млрд. теңгені, мүгедектік бойынша  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға 5,3 млрд. теңгені құрайды (асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасы бойынша қажеттілік азаяды), № 1 және № 2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларға 241,7 млн. теңгені құрайды.
Жалпы, азық-түлік пен әлеуметтік маңызды тауарларға, дәрілік заттарға бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен қатар қабылданған өнімнің жетіспеушілігін және монополистер қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуін  болдырмауға қатысты шаралар, жақында орын алған теңгенің айырбас бағамындағы түзетулерге байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылар сатып алушылық қабілетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Лиман БОРАНБАЕВА,
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз