ІЗГІ ДӘСТҮР МЕН ІЗЕТ

42

0

ІЗГІ ДӘСТҮР МЕН ІЗЕТ Қызылорда қаласындағы «ПетроҚазақстан» компаниясының спорт кешенінде жыл сайын дәстүрге айналған балалардың жаңажылдық ертеңгілігі болып өтеді. Биылғы Жаңа жылды мұнайшылар қайырымдылық сипатындағы шырша мерекесін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және аймақтың үкіметтік емес ұйымдарымен ұсынылған тізімде тұрған, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 260 балақай үшін арнайы өткізді. 
Балаларға арналған жаңажылдық салтанаттың ашылу сәтінде жас бүлдіршіндерді шуақты мерекемен «ПҚҚР» АҚ-ның басқарма төрағасы Фан Цзячжун, жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Хұсайын Сәрсембаев және компанияның кәсіподақ комитетінің басшысы Елеусін Дүйсенов құттықтады.
Компания әлеуметтік әріптестік аясында халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған жіктерін қолдауға, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жүйесіне айрықша назар аударып отыр.   
Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардан бөлек, мерекелік ертеңгілікке сондай-ақ чернобыльдік апат оқиғасы, семейлік сынақ полигоны қатысушыларының, Ауған соғысы ардагерлерінің және өзгелердің балалары да шақырылды. Мұнайшылар қауымының атынан осында келген барлық бүлдіршіндерге алуан түрлі тәттілер, жұмсақ ойыншықтар және жылы свитерлер тарту етілді. 
– Жаңажылдық мейрамға байланысты өткізілетін қайырымдылық шарасының аясында «ПетроҚазақстан» компаниясы балалар үшін 1600 сыйлық дайындады, – деп ой бөлісті «ПҚҚР» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Хұсайын Сәрсембаев. – Тәттілер түріндегі сыйлықтар балалардың емдеу мекемелерінде – балалар ауруханасында және балалардың жұқпалы аурулар ауруханасында, балаларға арналған туберкулезге қарсы санаторийде ем алып, балалардың арнаулы интернатында, оның ішінде Талсуаттағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернатта оқып жатқан  187 бүлдіршінге табыс етілді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз