Жаңа бағыт, жаңа міндет

94

0

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы – осыған дейінгі ұсынылып, елімізде ретімен жүзеге асырылып жатқан реформалардың, атап айтқанда, «Мәңгілік ел», «100 нақты қадам», Ұлт жоспары, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларының заңды жалғасы, ел дамуының жаңа сатысын бағдарлайтын маңызды құжат. 

Биылғы Жолдаудың өткен жылда­ғылардан ерекшелігі – инновацияларды енгізуге бағытталған индустрияландыру басты назарға алынған. Мұны ­Назарбаев университеті, Инновациялық технологиялар паркі секілді инновациялық орталықтардың жұмысына басымдық беріліп, нақты ашық жұмыстар атқаруға бағытталғанын байқауға болады. Жолдауда көрсетілген 10 бағыттың алтауында экономиканың барлық салаларында жаңғырудың негізгі құралға айналатыны айтылған. «Біз кадрларға арналған жаһандық бәсекелестік дәуіріне ендік. Біз цифрлық технологиялар саласында екі үдерісті қатар атқаруымыз қажет.

Сонымен қатар, Елбасы отандық заң жүйесіне азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, оның үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру мақсатында бірқатар жауап­­кершілік жүктеді. Қазақстан аза­мат­тарының құқықтарын сақтау біздің басты міндетіміз, халықтың алданып қалмауына, қызмет көрсету ұйымдарында операциялардың толық орындалуын, банктік операцияны артық шығынсыз төлеуді цифрлық технологиялар толық қамтамасыз етеді. Елбасының тиімді мемлекеттік басқару бағытындағы тағы бір бастамасы – «Бір терезе» қағидаты. Бұл бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «Бір өтініш» қағидаты бойынша жекеленген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді. Олар үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жос­парын кеңейте отырып, жұмыс барысын тездету қажет. Осыған байланыс­ты облыстарда, қалаларда, аудандарда жекешелендіру жұмыстарын жүргізіп, әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктіру қажет.  

Жалпы, Президент бастамасы­мен қолға алынған кез келген мем­лекеттік бағдарламаның басты мақ­саты – елімізді жаңа сатыға көтеру, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту екен­дігі белгілі. «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілгендей, сая­си-экономикалық әлеуетімізді реттеу арқылы мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына кіргізу, оған қоса, мәдениетіміз бен руханиятымызды жетілдіруді басты назарда ұстау керек. Биылғы Жолдаудың да міндет-мақсаты осыған саяды. Мұнда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға бағытталған 10 басымдық көрсетілген.

Орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілуіне байланысты, аудандық және ауылдық жерлердің қаржылық дербестігін нығайту керектігін тапсырды. Бірақ, бюджет қаражатын тиімді пайдалану керектігіне баса назар аударылды.

Қазынашылықтың  негізгі функция­ларының бірі  республикалық  және жергілікті бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету, бюджеттің толық және уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету болып табылады, сондықтан Қаржы министрлігі бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Жаңа жүйе құжаттарды қабылдау мен өңдеу бойынша мекеменің функцияларын автоматтандыруға жол ашты. Бюджет қаражаттарын атқару барысында санкцияланбаған іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында мемлекеттік меке­менің басшылары мен бас есепшілері тарапынан «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесін жетілдіру мақ­сатында жұмыс жасайтын ескі операциялық жүйенің орнына жаңа Каz Token, e Token, ja Carta  электронды цифрлық  қолтаңба  құрылғылары  енгізіліп, бүгінгі таңда барлық мем­лекеттік, квазимемлекеттік мекемелер толығымен осы жаңа жүйемен жұмыс атқаруда.

Фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін жекелеген салық түрлерін  өңірлік бюджеттерге беру мәселесі шешіліп келеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде іске қосылды.

Бұл өзін-өзі басқарудың жаңа бағыты болды, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтер өз аймақтарын өздері дамытатын болады. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік береді. Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиісті болады.

IV деңгейдегі бюджетті Қазына­шылықтың ақпараттық жүйелеріне енгізу жұмыстарын жүргізу мақса­тында қазіргі кезде тест базасында сәйкесті модульдер бойынша барлық бизнес-процестердің тілімінде жұмыстар өткізілді, оған қоса қажетті (компьютерлік жабдығы, интернет байланысының сапасы) мәліметтер жинақталып, Қазынашылық комитетіне жолданды. Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік оқыту орталығында» IV деңгейдегі бюджетті енгізудегі қазынашылықтың рөлі жайлы ауылдық округтердің әкімдеріне семинар-кеңестер, сабақтар өткізілді.

Сонымен бірге селолық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін тиімді және ауыртпалықсыз енгізу мақсатында аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларымен бірігіп, тест базасына дайындық жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша аудандық маңызы бар қала, кент, село, селолық округтердің саны – 146.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазынашылықтың АЖ-де халық саны 2000-нан асқан ауылдық округ IV деңгейдегі мемлекеттік бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары және орналасу орны кодтары (6 таңбалы) енгізілді.

Бірінші кезең бойынша 2018 жылы тұрғыны 2000-нан адамнан асқандары (65 ауыл әкімдігі) IV деңгейдегі бюджетке енгізілді, екінші кезең бойынша 2020 жылға  жоспарлануда. Жолдауда айтылып кеткендей, 2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.

Биылғы қаржы жылынан бастап Қазынашылық жүйесі арқылы сметалық құны 2 млрд теңгеден астам жаңадан тұрғызылатын құрылыс объектілерін сүйемелдеп отыру талаптары енгізілуде. Бұл дегеніміз, болашақта бюджет қаражаттарының өз мақсаттарына жұмсалып, әлде де бақылаудың әрі қарай күшейтіле түсетіндігін көрсетеді.

Ә.ДҮЙСЕНБАЕВ,

Қызылорда облысы бойынша 

Қазынашылық департаментінің басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз