ЖАҢА ҚЫЛМЫСТЫҚ АКТІЛЕР

69

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қазақстан Республикасы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа моделіне көшу” тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен бас­қо­суға прокуратура органдары мен сот жүйесі, ішкі істер, қаржы полициясы, Ұлттық қауіп­сіздік, кедендік бақылау депар­таменттері, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ университеттің оқы­ту­шы-профессорлары мен сту­дент­тері қатысты. Шараның мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қол­дану, құқықтық жүйенің жа­ңартылған жағдайда тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсы­нымдарды пысықтаудың мәсе­лелерін бірлесіп талқылау.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан облыс прокурорының орынбасары Руслан Райханов аталған кодекстердің маңыздылығына тоқ­талып өтті.

Бұдан соң облыстық про­ку­ра­тураның 2-ші басқарма бас­тығы Ерлан Қожановтың «ҚР жаңа қылмыстық кодексінің ерек­­шеліктері”, 10-шы басқарма бастығы Жақсығали Нұрашевтің «ҚР қылмыстық-процестік ко­дексі­нің ерекшеліктері”, 4-ші бас­қарма басшысы Дастан Құн­дыз­баевтың «ҚР жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі”, облыс прокурорының аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашевтің «ҚР қылмыстық ат­қа­ру кодексінің ерекшеліктері”, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ау­дан­аралық сотының төрағасы Бақытжан Қалымбетовтің «ҚР қылмыстық кодексіндегі гуманизм қағидасының басымдығы”, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың кафедра меңгерушісі, заң ғы­лымдарының кандидаты Ерлан Алтаевтың «ҚР қылмыстық кодексінің негізгі басымдықтарын білім алушыларға түсіндіру мәсе­лелері” тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Шара барысында сонымен бірге жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды құру мәселелері, сотқа дейінгі іс жүргізуді же­ңілдету, қылмыстық іс жүргізу прак­тикасына прогрессивті жаңар­туларды енгізу, оның ішінде про­цес­суалдық прокурор, тергеу судьясы институттарын енгізу мә­се­лелері әңгіме өзегіне айналды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз