Жыл басы саналатын қасиетті Наурыз мерекесін ел жұртшылығы тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ерекше бір ынтамен тойлағанын көруге болады. Жетпіс жылға жуық Ұлыстың ұлы күні тек ауыл аймақтарда, әр үйде наурызкөже пісірілумен ғана шектелсе, бүгінде халықтық күйге еніп, ұлттық мерекені ел болып тойлау дәстүрге айналды.
Жыл сайын әр адамның ақ арманына арқау болған әз Наурызды көпшілік асыға күтеді. Әсіресе, осы күні өз отауын тігіп, шаңырақ көтергендер үшін ерекше мейрам. Тоқсаныншы жылдардың басында дәл осы Ұлыстың ұлы күнінде отбасын құрған Сәбит Мәмбетәлиев пен Қарашаш Ыбыраеваның шаңырағы бүгінде кеңейіп, төрт баланың ата-анасы атанды. Олардың үйлену тойы Наурыз мерекесінде ерекше салтанатпен атап өтілді. Жиырма жыл бұрынғы Наурыз мерекесімен қат-қабат келген олардың шаңырақ көтеру тойлары жайында Қарашаш Ыбыраева былай деп еске түсіреді.

Ұлыстың ұлы күнінде көптің батасын алғандықтан болар, бүгінде Қарашаш пен Сәбиттің отбасы ауызбіршілігі жарасқан, берекелі өмір кешуде. Үлкен қыздары Айдана «Алтын белгі” иегері атанып, қазір Еуразия университетінде үшінші курс студенті. Одан кейінгі Айзаданың өз отбасы бар. Ал Бағдәулет пен Ердәулет мектепте үздік оқушылар.

– Мен ол кезде жиырма үш жаста едім. Өзім қызбен жүрмек түгілі, қызға сөз айтып көрмеппін. Не істерімді білмедім. Бір сыныпта оқыған досымның үйінде қарындасы бар еді. Көптен көзім түскенмен, батылым жетіп сөз айта алмай жүргенмін. Содан ол қызды үйінен шығару, оған «күні ертең саған үйленемін, келісіміңді берші” деп айтудың өзі мен үшін үлкен сынақ болды. Бірақ, менің бір осал тұсым бар. Бір табан ішкілікке жақындау болдым. Әлгі қызға ұсынысымды айтқан кезімде ол менің осы жаман әдетімнен бас тартуымды, мүлдем жоламауды сұрады. Жігіттік уәдемді беріп, қызды көндірдім. Наурыздың 19-да түнгі екіде үйге қалыңдықты түсірдік. Ертеңіне бірден училещеге «шақыртып жатыр” деді. Барсақ, біздің ұлттық киімдерімізге дейін барлығы дайын, киіз үй тігулі, алтыбақан құрулы тұр. Менің туған-туысымның барлығы осында жүр. Келіншегімнің беташары болды. Ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтті. Бүгінде бір шаңырақ астында тату-тәтті тірлігімізге 17 жыл толды. Алланың берген 5 баласын тәрбиелеп отырмыз. Осы наурызда, құдай қаласа, тағы бір нәрестеміз дүниеге келгелі тұр,–дейді Мейірхан марқая түсіп.
Әр жылда Наурыз мерекесін асыға күтетін бұл отбасы әуелі әкенің шаңырағында бас қосса, одан кейін міндетті түрде Мейірханның үйіне жиналады. Ал балалары болса, мерекелік шағын концерт ұйымдастырып, ата-анасын қуанышқа бөлейді.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.