ЖАҢАШЫЛ ІСТЕРГЕ БАСТАЙТЫН – ОРТАЛЫҚ

71

0

Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында «Бүгінгі таңда еліміздің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және қазіргі заманға сай әлеуметтік мемлекет құру» деген болатын. Осыған орай, халыққа қызмет көрсетудің болашағын баянды ету жолында бірегей орталықтар қызмет етуде.
Жуырда облыс орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығына Қазақстанның ең үздік спортшысы, Сыр елінің мақтанышы, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев пен Әлем чемпионы Мағжан Шамшадин арнайы келіп, «Электронды үкімет» бағдарламасы бойынша қызметтер алды. E.gov.kz сайтындағы жаңашыл істерге куә болған палуандар халыққа порталдың тиімді, қолжетімді тұстарын айтып жаппай қолдануға шақырды.
– Халыққа қызмет көрсету орталығындағы игі шаралар тек мемлекетіміздің өсіп-өркендегенін, барынша дамыған ірі елдер қатарына кіруге күш жұмсап, еңбек етіп жатқандығын ғана көрсетіп қоймайды, бұл ілгерілеушілік Елбасымыз айтқандай, «Басты байлығымыз – халықтың қамы мен жағдайын жақсарта түсу» екендігін дәлелдей түседі. ХҚКО-тары азаматтардың уақытын үнемдеуді көздеп, қызметтерді жылдам әрі тиімді жалғастырып жатқанына көз жеткіздім. Халыққа сапалы, һәм мәдениеттi қызмет көрсетуде Орталықтың бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi мен бағыт-бағдарында көңiлге қонымды iстер көп. Өйткенi, жолы айқын, мiндеттері нақты, қызметкерлері сыпайы. Заман тынысын сезген, уақыт көшiне iлескен ұжымның алдағы уақытта тек өсу мен өркендеудi тілеймін, – деді Бауыржан Жауынтаев.
Қаламыздағы ең ірі Халыққа қызмет көрсету орталығында «Электронды үкімет» бағдарламасындағы электрондық қызметтер, E.gov.kz сайтындағы жаңашыл істер алға басуда. Яғни, халық арасында үлкен сұранысқа ие қызмет түрлері соның ішінде көптеген анықтамалар алу автоматтандырылған. Мұнымен қоса әлеуметтік маңыздағы қызмет түрлері де жетілдіріліп келеді. Азаматтар үйінен шықпай-ақ интернет желісі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдала отырып, электрондық анықтамалар мен басқа да қызмет түрлерін аталған порталдан ала алады. Облыстағы әрбір ғаламтор желісін пайдаланушылардың сұранысына ие болып жүрген «Электрондық үкіметті» қолданудағы мүмкіншілік зор. Егерде е.gov.kz сайтын пайдалану үшін кең мағлұмат аламын десеңіздер, орталық қызметкерлерінен кеңес алуға болады. Егерде интернет желісі болмаған жағдайда ЭЦҚ бар өтініш беруші Орталыққа келіп қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы электрондық қызмет түрлерімен бірге салықтар, өсімпұлдар, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу және тағы басқа қызметтерді кассаларға кезекке тұрмай-ақ пайдалануға болады. Міне, осы айтылғандардың барлығы тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығын арттыру болып табылады. «Электрондық үкіметтің» Call-орталығының операторлары электрондық үкімет жұмысымен қатар, азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы туралы да ақпараттық кеңестер береді.
Гүлнәз БАДРАҚОВА.
ХҚКО қызметкері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз