Жалақы қарызы өтеледі

52

0

Сейсенбі күні «Импреза С.п.А.» АҚ филиалы ғимараты алдына компаниядан алашағы бар жұмысшылар жиналды. Осы күні мекемеден  10 миллион теңгеден астам жалақыны өтеуді сұраған сексенге жуық жұмысшының талабына орай, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбдіғазиз Әлжан баспасөз мәслихатын өткізді. 
Осы жылғы наурыз айында «Импреза С.п.А.» АҚ жергілікті филиалының  құрылысшыларға берешек қарызы 36 млн. теңгеден асып, сот шешімімен компанияның техникасына тыйым салынған болатын. Қарызды өтеу үшін фирманың кейбір мүлкі сатылған.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, компанияның қалған жалақы қарызы енді сот арқылы өндіріп алынады. Ал компанияның өзі құрылысшыларға жалақы берешек болғандықтан халықаралық автобан салу жұмысынан шеттетіледі. Қызылорда облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының 4 ай бойы жүргізген зерттеуі компанияның 10 жұмысшыға 1 218 600 қарыз екендігін анықтаған. Сонымен қатар, осыған дейін жұмыстан шыққандарға 9 535 536 теңге өтемақысы төленбегені белгілі болды. Осы қарыздарды өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз беріліп, 1 қазанда мәжбүрлі түрде өңдіріп беру туралы сот шешімі шықты. Шешім заңды күшіне бірер күнде енеді деп күтілуде. 
 Нұрбек Сағатұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз