Жанар-жағармай бағасы төмендейдi

52

0

Елімізде алдағы уақытта жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.

Соңғы үш-төрт ай көлемінде өсіп кеткен жанар-жағармай бағасы енді төмендей бастайды. Жақында ғана құнын Үкiмет қадағалайтын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарланған еді. ҚР Мәжіліс депутаты Мұхтар Тiнiкеев елдегi жанар-жағармай бағасы 115 теңгеге түсуi ықтимал деп хабарлаған болатын. Бұл болжамды Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ұ. Қарабалин растады.

«АИ-92
бензинiнің литрi 128 теңгеден 115 теңгеге, дизель отыны 115 теңгеден 107
теңгеге түспек. АИ 80 – бұрынғы деңгейінде қалады», – дедi вице-министр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз