ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН КЕЙІНГІ ЖҮЗДЕСУ

91

0

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН КЕЙІНГІ ЖҮЗДЕСУ

Жаңақорған кенті орталығындағы №51 М.Қаратаев атындағы орта мектепте 1964 жылы осы білім ұясын бітірген түлектердіңбасқосуы болды. Мектеп алдында бір біріне таңырқай, тебірене, енді біреулер болса осыны қайдан көрдім дегендей адырая қарап тұрса, енді біреулері шұрқырай құшақтаса көрісіп жатыр. Келген қонақтарды мектеп директоры МанасбайТұрабаев бастаған бір топ мұғалімдер күтіп алды. 50 жылдық кездесуді ұйымдастыршылардың басшысы Тұрсынхан Құр­­манбековбастаған бір топ жігітағалары ұс­таздарын да күтіп алды. Олардың арасында Фатима Тілеубаева, Мавжуда Бегалиева, Хадиша Баязитова мен Жүніс Үпенов секілді ардагер ұстаздар бар.

Мектепті екі сыныпта 30ер бала мен 16 қыз бала бітірген болса, сол ұлдардың 25-і, қыздың 15-і кейінжоғары білім алды. Бұлардың арасынан екі азамат ғылым докторы, бір азамат ғылым кандидатыатанса, оны аудан, облыс көлемінде түрлі мекеме басқарса, үшеуі әкім болып, мемлекеттік қызмет атқарған.

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН КЕЙІНГІ ЖҮЗДЕСУБелгілі жазушы, журналист Жақсылық Рахматулла ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, облыстық «Сыр бойы» газетіне бірнеше жыл бас редакторлық қызмет еткен болса, Алшынбай Тұртанов Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы. Қысқаша айтқанда, олардың арасынан ғалым, ақын, жазушы да, мекеме басшылары да, ұстаздар мен кәсіпкерлер дешыққан.

Ардагер ұстаздар Ф.Тілеубаева, М.Бе­га­лиева мен Х.Баязитова және Ж.Үпенов шә­кірттерінің сол кез­дегі ал­ғырлығын, кей­біреулерінің күлкілі мі­нез­дері туралы еске алып, со­лардың бұл күндері үлкен ел сыйлаған аза­мат бол­­ған­дарын өздері мақ­­таныш ете­тіндіктерін жеткізді.

Шәкірттер атынан Астанадан келген академик, биология ғылымдарының докторы, профессор Сардар Әбиев, ардагер ұстаздар жаңарықтық Айсара Ысқақова, қызылордалық Айымкүл Нәтаева, жаңақорғандық Сәпия Оңғарбаева өздерінің осыдан 50жыл бұрынғы оқушы жастағы өмірлерінің қызықты күндерін еске алып, бұл күндері ел ағасы, ел анасы атанған қарияларға айналып келе жатқандығына шүкіршілік жасайтындықтарын жеткізді.

Жиын соңынан «Таң» мейрамханасында қайтыс болған сыныптастарына арнап ас беріп, құран бағыштады.

 

Қ.ЕРУБАЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз