ЖАСТАРҒА АРТЫЛАР СЕНІМ ЗОР

80

0

Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын жастар асыға күтеді. Мұнда айтылған мақсаттар мен алға қойылған міндеттер кемел келешекке бастайтынын, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет – сананы жаңғырту мен білімділікке ұмтылу екенін ұғынады. Дәстүрлі Жолдауды насихаттау бағытындағы шараларға қазір жастар да үлес қосуда. Өздеріңіз байқағандай, биыл құжатта білім беру үдерісіне ерекше назар аударылған. Бұл – жастардың білім алу мәселесі әрдайым Елбасы назарында екендігінің айғағы.
Ел келешегі – жастар қай салада болмасын, озат атанып, үш тілді жетік меңгеруге, бәсекеге қабілетті маман болуға тырысуы қажет. IT білімді, қаржылық сауатты, ұлтжанды ұрпақтың бағындырар белесі мол.
Жасұлан АЛДАБЕРГЕНОВ,
облыстық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ директоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз