ЖАСТАРҒА СЕНІМ АРТАМЫЗ

30

0

Елбасының биылғы «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын баршамыз ерекше ықыласпен тыңдадық. Белгілі бір деңгейде талқыланды. Бүгінде И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжінде де ол өз дәрежесінде насихатталуда. «Политехникалық», «мұнай және газ», «ауыл шаруашылығы» бөлімдерінің оқушылары Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелерді сөз етіп, өз ойларын ортаға салды. Біздің байқағанымыз, жастардың да ел дамуына бейжай қарамайтындықтары. Осы тұста айта кету керек, Елбасының өзіндік ойып алар стратегиясы – «Мәңгілік ел» идеясы. Бұл еліміздің қазақылануына, қазақ тіліне көшудің нақты дәлелі деп білеміз. Себебі, «Қазақ елі» атауы тәуелсіздігіміздің айғағы іспетті. Сондықтан, бұл атаудың қазақтың  жанына жақын әрі жылы тиері анық. Сондай-ақ, Жолдау әрбір қазақстандық азаматтарға үлкен міндет жүктейді. Осы ретте жастар да Елбасының ұсынған ойларын, тапсырмаларын, өздеріне арналған үлкен сенім екенін сезінеді.
Сырғаш ИБРАЕВА,
И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжінің география пәнінің оқытушысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз