«ЖАСЫЛ ДӘЛІЗДЕН» – ДАСТАРХАНҒА

56

0

Адам ағзасының арқауы ас болғанда, қазіргі кездегі
ас атасы, әрине, көкөніс-жеміс десе болады. Осы орайда, қазақстандықтардың дас­тар­қанын
азық-түлік өнім­дерімен қамтамасыз етудің Қытаймен арадағы қатынасы жақсы жолға
қойылды.

Екіжақты
«жасыл дәліз» жобасы өткен жылдың желтоқсан айында Пекиндегі ресми сапар
барысында талқыланып, екі елдің Премьер-министрлерімен келісілген болатын. Жобаның
мақсаты – Қытай Халық Рес­публикасынан Қазақстанға әке­лінетін жеміс-жидек,
көкөніс өнімдерінің тез өтуін және кедендік ресімделуін қамтамасыз ету.

Қазақстан-Қытай
шекара­сын­дағы «Бақты» кеден беке­тінде кедендік бақылаудың авто­маттандырылған
жаңа жүйесі жабдықталып, бөлек жолақ бө­лінді. Ауылшаруашылық өнімі­нің
тоқтаусыз өтуін қамтамасыз ететін жауапты, құзыретті ведомстволардың өкілдері
бекітілді. Қытай бекеті «Покитумен» бірге «жасыл дәліз» жобасы жүзеге
асырылғаннан бері көлік құралдарын өткізудің орташа уақыты бұрынғы 240 минуттан
қысқарып, 69 минутқа жеткен.

Бұл,
Қазақстан Республика­сының кеден органдары жеміс-жидек өнімдерін бақылаусыз
өткізіп жатыр деген сөз емес, заңнамада қарастырылған барлық бақылау рәсімдері
қолданылып отыр. «Бақты» арқылы өтетін өнімдердің жартысына жуығын қызанақ, 22
пайызын картоп, қалған бөлігін алма, бұрыш, бак­лажан және жуа құрайды екен.
Соңғы айларда 10 пайыздық үлесті шәрбат сусындар алыпты.

Алты
айдың қорытын­дысымен Қытайдан жалпы салмағы 25,6 мың тонна, құны 30,3 млн. АҚШ
долларының көкөнісі мен жемісі әкелінген.

Бақыт
Орданова,

Қызылорда
облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз