ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАР

70

0

ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН №18 КІТАПХАНА ФИЛИАЛЫНДА
ИМАМДАР, ОҚУШЫ-СТУДЕНТТЕР, КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАР УАҒЫЗЫ – ЗАҢСЫЗ УАҒЫЗ” АТТЫ
ТАНЫМДЫҚ КЕШ БОЛЫП ӨТТІ.

Кеште осы
кітапхана қызметкері Зәуре Әлімова бүгінгі оң-солын әлі толық тани алмаған
жастарға халқымыздың табиғатына
кереғар, ұлттық салт-дәстүрден тысқары теріс ағымдардың келтіретін зияны, діни экстремизмнің сипаты, оның алдын
алу жайында мағлұмат берді. Оның пікірін Айтбай және Ыбырайым мешіттерінің
имамдары Базарбай Сейдалиев пен Асқар Жұбанов, №43 мектеп мұғалімі Гүлзия Жұмағалиева толықтырды. Жастарды Отанды,
туған жерді сүюге баулу, олардың діни
сауаттылығын арттыру қыруар еңбекті қажет етеді. Сонымен қатар бұл істе
сабырлылық пен шыдамдылық та аса қажет.
Кешке қатысушылар
дін қызметкерлеріне өздерін толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарын қойып,
оған тұшымды жауап алды.

Бақыткүл ОСПАНОВА,

кітапханашы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз