ҚҰЖАТТАРЫМДЫ 5 КҮНДЕ ҚОЛҒА АЛДЫМ

213

0

ҚҰЖАТТАРЫМДЫ 5 КҮНДЕ ҚОЛҒА АЛДЫМКөптен ойда пісіп жетілген бизнес жобам бар еді. Сол жоба үшін шұғыл түрде ғимаратымызға газ, үш фазалық электр желісін, су жəне кәріз жүйесін жүргізу керек болды.
Бұл жұмыстарды атқару үшін барлығына техникалық шарт алудың машақаты қаншалықты ауыр екені белгілі. Бәрінен бұрын уақыт қысып барады.  Құжаттың соңында айлап жүретін жағдайлар кезігіп жатады.
Жақында бұқаралық ақпарат құралдарынан Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылғанын білдім. Сол жерге барып тізім бойынша ғимараттың құжаттарының көшірмесін жəне сенімхат өткіздім. Айналасы 5 жұмыс күннің ішінде қолыма 4 техникалық шартты алғанымда қатты қуандым. Бес күнде ешқайда бармадым, шақырылмадым. Сөйтсем ең бірінші болып осы қызметті пайдаланған мен екенмін.  Құжат тапсырғанымда электронды картаны ашып, керекті коммуникациялардың қай жерде орналасқанын алдын ала көрсетіп берді. Осындай керемет жобаны жүзеге асырып, аймағымыздың кіші жəне орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп отырған облыс басшыларына алғысымды білдіргім келеді.
Жаңадан іс бастауға талпынған кәсіпкерлерге айтарым, ел экономикасын жандандырып, дамуына қолымыздан келген үлесімізді қосуымыз керек. Сондықтан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта¬лығы ұсынған  мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын.

Арман ИСА,
кәсіпкер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз