Жемқорлықтың алдын-алу аса өзекті мәселе

57

0

Сыбайлас жемқорлық кез-келген мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, жүйесінің қалыптасуына кері әсерін тигізетіні рас.
Қалыптасқан мемлекетіміздің қорғаны болып табылатын әскери қызметте де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жұмыстары жылдан-жылға күшеюде. Қойылатын талап пен заңдық сұраныс қатал да қатаң. Осы бағыттың тізгінін мықтап ұстаған Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қ.Жүсіпұлы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – басты міндет» тақырыбындағы дөңгелек үстелге арнайы қатысты.
Жеке құрам алдында атқарылған  істері мен тұжырымды пікірлерін ортаға салып есеп берген 66597 әскери бөлімінің заң қызмет бастығы, аға офицер капитан А.Бейсембек және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы, заң консульты капитан Н.Ильясовың анықтама баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, аталған дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязов қатыса отырып, өз пікірін ортаға салды.
Жиын соңында алдағы келе жатқан күзгі әскерге шақыру науқаны барысында атқарылатын істер жөнінде де пысықталды.
Нұрбек Дәуренбеков.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз