ЖЕРАСТЫ СУ ҚОРЛАРЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАТЫЛАДЫ

95

0

Пайдалы қазбалардың ішінде ең маңыздысы жерасты сулары, оның ішінде шаруашылық және ауыз су мақсатында суға пайдаланатын жерасты сулары болып табылады. Мамандардың болжамы  бойынша таяу  болашақта  ауыз судың құны мұнайдың құнына жақындауы мүмкін. Бұл суға қатысты мәселенің қаншалықты өткір қойылып отырғанын аңғартады. Ал, Қызылорда облысының жерасты сулары ешқашан геологтардың назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі таңда да зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Аталған бағытта қолға алынып жатқан жұмыстар барысын баяндап беруін өтінген газет тілшісі облыс бойынша жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шахизат Қалбергеновке жолыққан еді.
– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011  жылы халыққа арнаған Жолдауында қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды міндет ретінде атап көрсетілген болатын, – деді бізбен әңгімесінде инспекция басшысы. – Бұл үшін жерасты суларының әлеуетін  кеңінен  пайдаланып, сумен қамтамасыз етудің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау қажет.
 Қызылорда облысы және оған қарасты жерлерде қазіргі таңда  98 кен орны (121 учаске) бойынша  барлау жұмыстары жүргізіліп, барлығы тәулігіне 1427,9 мың текше метр пайдалану қорлары бекітілді.
Сонымен қатар, 3 минералды су кен орны бойынша 1,78 мың тәулік-текше метр жерасты суларының қорлары барланды.
Инспекцияда тіркелген жер қойнауын пайдаланушылар тізіміне облыс   бойынша барлығы 11 су пайдаланушы  тіркелген.
Қызылорда инспекциясының жер қойнауын зерттеу және пайдалануды  қамту  аумағындағы  Қызылорда және Қарағанды облыстары бойынша өткен кезеңде 11 су пайдаланушы 9 келісім-шартпен, 12 арнайы су пайдалану рұқсатымен, соның ішінде жерасты суларын өндіруге – 19, емдік балшықтарды өндіруге – 2, барлығы 21 рұқсат  құжаттармен жұмыс жасауда. 
– Жерасты су қорларын кімдер көп пайдаланады?
– Қызылорда облысының су пайдаланушылары 2012 жылы тәулігіне 113,8 мың текше метр жерасты суларын алған, бұл барлық барланған қорлардың 8 пайызы  ғана  пайдаланылғанын көрсетеді. 
Облыстағы ірі су пайдаланушылар алынатын су көлемінің 80 пайызына дейін өндіреді. Жерасты суларын өндіру 1999-2012 жылдар аралығында 21,527 млн. текше метрге жетіп, бұл негізінен «Қызылорда  су жүйесі» МКК  мен мұнай компаниялары алатын су көлемдерінің өсуіне байланысты болып отыр. Су пайдаланушылардың жерасты суларын өндіруге кеткен шығындары 2012 жылы 2,563 млн. АҚШ долларын құрады. Шаруашылық ауыз су мақсатына пайдаланатын кен орындарының ішінде Левобережное, Құмкөл және Қызылжарма кен орындары басқаларға қарағанда су көп алды. Олардың қатарында Байкоңыр қаласының сумен жабдықтау мекемесі (ГУП ПО «Горводоканал»), мұнай компаниялары және «Қызылорда  су жүйесі» МКК бар.
Жерасты  суларының өндіру көлемінің ұлғаюы Қызылорда облысындағы мұнай учаскелерін игерумен, қалалар мен елді-мекендерді  сумен қамтамасыз етуге байланысты сұраныстың өсуіне байланысты болып отыр.
Қызылорда  су жүйесі Қызылорда қаласы және облыс жерінде орналасқан Қызылжарма  кен орны аумағында   жерасты суларына барлау және өндіру жұмыстарын  орындайды. 
2009 жылы Қызылорда қаласы мен оған іргелес жатқан кенттерді шаруашылық мақсаттағы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қызылжарма кен орнына барлау жұмыстарын жүргізу жобасы жасалды. «Қызылорда  су жүйесі» МКК  2010 жылы геологиялық барлау жұмыстарын аяқтап, жерасты суларының қоры жайында есеп  жасап, Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі комиссиясында  көлемі тәулігіне 83,32 мың текше метрге тең жерасты су қорларын бекітті. Бұл Қызылжарма кен орнының  жерасты  суларымен Қызылорда қаласы мен оның маңындағы елді-мекендерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді. 
– Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысына тоқталсаңыз…
– Қызылорда өңірінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету күнделікті күннің негізгі мәселесі болып табылады және жерасты суларын пайдалану мен іске жаратудағы қажеттіліктерді арттыра түседі. Ауыз судың қала мен елді мекендерде  жетімсіздігіне байланысты елді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасын бекітті. 
Қызылорда облысының кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда бұрынғы барланған жерасты су кен орындары қорларының пайдалану мерзімі (уақыты) өтуі себебінен жерасты су кен орындарының  пайдалану қорларын қайта мемлекеттік сараптамадан өткізу қажеттігі туындап отыр. 
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң талаптарына байланысты төмендегі жерасты су кен орындарының  пайдалану қорларын қайта есептеу қажет. Олар «Байқожа», «Сарыбұлақ» (Қазалы ауданы), «Шиелі» (Шиелі ауданы), «Сунақата» (Жаңақорған ауданы) су қорлары.
Жоғарыда аталған жайларға сәйкес шаруашылық, ауыз су және өндірістік – техникалық мақсатқа арналған жерасты суларын пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген арнайы су пайдалану рұқсатының негізінде жүзеге асырылады. 
Қызылорда облысының көлемінде 2012 жылдан басталып  және 2013 жылы бюджеттік бағдарламалар бойынша төмендегі елді-мекендер бойынша іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде: 
– Қызылорда облысының 12 елді мекенін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Арал ауданында  –  Абай, Ақбасты;  Жаңақорғанда – Түгіскен, Бірлік, Бесарық, Қаратөбе, Ақсуат, Манап; Қармақшыда – Ақтөбе, Көмекбаев; Қазалыда –Ақсуат.
– Қызылорда облысының 12 елді мекенін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Жалағаш ауданында  –  Ақсу, Жалағаш, Мақпалкөл, Қаракеткен, Мырзабай, Таң, Шәменов; Сырдарияда – Тереңөзек, А. Тоқмағамбетов, Бесарық, Мәлібаев.  
– Қызылорда облысындағы «Рисоводческое» жерасты кен орнының су қорын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша.
Қызылорда облысының көлемінде 2013 жылдан  бюджеттік бағдарламалар бойынша төмендегі елді-мекендер бойынша іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде: 
– Қызылорда облысының 8 елді-мекенін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Сырдария ауданында  –  Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ильясов, Айдарлы, Сейфуллин,  Қалжанахун, Ақжарма, Інкәрдария.
– Қызылорда облысының 10 елді мекенін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Жалағаш ауданында – Аққұм, Еңбек, Жаңаталап, Мырзабай ахун; Шиеліде – М.Шоқай, Алғабас, №21 Бекет (Тартоғай), Бұланбай бауы; Қызылорда қаласы маңында – Махамбетов, Абай.
– Қызылорда облысындағы «Қармақшы» жер асты кен орнының су қорын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша.
Сонымен қатар келесі нысандар бойынша жобалық-сметалық  құжаттамалар жасалуда :
– Қызылорда облысының 5 елді-мекенін жер асты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Арал ауданында  –   Жаңақоныс; Қазалыда – Шәкен; Жалағашта – Аққыр, Жаңадария; Сырдарияда – Жетікөл».
– Қызылорда облысының 8 елді-мекенін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Шиелі ауданында  –   Ботабай, Майлытоғай, 1-мамыр; Қызылорда қаласы маңында – Қарауылтөбе, Талсуат, Қараөзек, Талдыарал, Айнакөл».
Бұл  іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу 2014-2015 жылдарға жоспарланған.
Сонымен бірге, 2013 жылы келесі нысандар бойынша жобалық-сметалық  құжаттамалар дайындалуда :
– Қызылорда облысының 9 елді-мекенін жер асты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Арал ауданында – Құланды, Тоқабай, Жіңішкеқұм, Сазды, Атаншы, Мойнақ, Ерімбетжаға, Күршек, Көктем. 
– Қызылорда облысының 7 елді-мекенін жер асты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу нысаны бойынша; оның ішінде Қызылорда қаласы маңында –  Қалғандария, Бірқазан, Досан; Қармақшы ауданында – Жосалы, Иіркөл; Жаңақорғанда – Жаңақорган, Құттықожа (Шалқия). 
– Қызылорда облысындағы «Тереңөзек», «Айнакөл», «Қызылорда» жер асты кен орындарының су қорларын қайта бағалау үшін жіте барлау жұмыстарын жүргізу нысандары бойынша атқарылады.
Индустрия және Жаңа технологиялар Министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану Комитеті  жыл сайынғы  іздестіру-барлау жұмыстарының және  жер асты кен орындарының су қорларын қайта бағалау үшін жүргізілетін жұмыстардың жобалық-сметалық  құжаттамаларын жасау үшін  нысанаралық  жоспарын  жасайды. 
Сонымен облыс өңірінде жерасты су қорларын халық игілігіне пайдалану бағытында кең көлемді жұмыс басталды. Таяу жылдары аймақ халқы оның игілігін көретін болады.
Әңгімелескен Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз