ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

79

0

ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

Ертең – еліміз қаржы полициясының төл
мерекесі Президент Жарлығымен құрылған аталмыш құрылым 20 жылдық белесінде талай көлеңкелі бизнестің жолын кесіп, миллиардтаған мемлекет қаржысының талан-таражға түсуіне кедергі келтірді. Сала қызметкерлері тарапынан заманның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлық пен
экономикалық қылмысқа қарсы аяусыз күрес бір
сәтке де толастамақ емес.

Мерейлі мерекеге Сыр өңірінің қаржы полицейлері де толағай табыстармен келіп отыр. Осынау мереке қарсаңында облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы, қаржы полициясының полковнигі Мақсат Қожабаевпен сұхбаттасқан едік.

 

– Мақсат Аманқұлұлы,ал­ды­мен қаржы полициясының та­­рихынан оқырмандармен сыр бөліс­сеңіз?

– Тарихқа көз жүгіртсек, 1994 жылы Үкімет қаулысымен Қаржы министрлігінің салық қызметі құрамындағы Салық ми­лициясы басқармасы бо­лып дүниеге келген Қаржы поли­циясы органдары қызметі жыл өткен сайын қабылданған заңдар мен Жарлықтарға сәйкес жетіле түсті. Осындай елеулі өзгерістер сала қызметінің міндеттері мен өкілеттілігін айқындап берді. Соған сай жауапкершілігімізді арттырып, халықтың қаржы по­­лициясы органдарына де­ген сенімін күшейтті, қоғам ал­дындағы беделімізді өсірді. Осы­нау ортақ абыройда Сыр бойы қаржы по­лицейлерінің үлесі өл­шеусіз. Олар өздеріне тиесілі міндеттерін адал­дықпен атқарып, қа­лыптасу және даму бе­лестерінен өтті.

Елбасы тапсыр­масы бойынша қар­жы полициясы органда­ры­ның жедел қызметі сы­байлас жемқорлыққа және «көлеңкелі” экономикаға қар­сы тұру арқылы еліміздің эко­но­микалық қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге, азаматтар мен кә­сіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағыт­та­латын болады. Еліміздің саяса­тының арқасында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл бағ­дарламалық негізде тек құ­қық қорғау органдарымен ғана емес, тұтас қоғаммен жүзеге асы­рылуда.

Мемлекет басшысының Жар­лығына сәйкес өткізілген ке­зек­тен тыс аттестация қызмет­керлеріміздің көбінің кәсіби дай­ындығы мықты әрі өз ісінің на­ғыз маманы екендігін көрсетті. Жалақының және арнаулы атаққа төленетін үстемақының көбеюі кәсіби білікті мамандарымызды сақтап қалуға және қатарымызды білікті жастармен толықтыруға жол ашады. Мемлекетіміз қаржы полициясы қызметкерлерінің алаң­сыз жұмыс жасауы жолында қа­жетті жағдайды жасап келеді. Осы орайда аймағымызда қо­ғам­дық тәртіптің орнап, қыл­мыстың азаюы, халықтың қар­жы полициясы органдарына де­ген сенімінің нығаюы, бұл жұ­мыстың алдағы уақытта да жүйелі жүргізіліп, кемшіліктерді жою және басқа да нақты шаралар өз жалғасын таба беретін болады деп сеніммен айта аламын.

– Өзіңіз айтып өткен­дей, сыбайлас жемқорлық сипа­тындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтауға және айыпты адамдарды жау­ап­қа тартуға өз құзыреті шең­берінде барлық мемлекеттік ор­ган­дар атсалысатыны белгілі. Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өкілетті органы ретінде қаржы полициясына жүк­­телер міндет ерекше. Сон­дық­тан жемқорлықпен күрес мә­селесін баяндап берсеңіз?

– Жемқорлыққа қарсы кү­рес кешенді және жүйелі жүргі­зілуде. Биылғы төрт айда 48 сы­байлас жемқорлық қылмыс анықталып, оның бесеуі сотқа жолданды. Әсіресе, парақорлық фактілеріне айрықша мән бері­луде. Мысал келтірер болсақ, өткен сәуір айында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына қарасты «Ақсай» бөлімшесінің бас­тығы Ә.Қайназарға қатысты қыл­мыстық іс қозғалды. Ол бір азаматтан қылмыстық жауап­кер­шілікке тартпау және «Ақсай» полиция бөлімінің өндірісіндегі істі қысқарту үшін 5000 АҚШ доллары көлемінде параны қор­қытып талап етіп, соңынан одан 620 мың теңге пара алғаны үшін айып тағылды. Қазір іс тергелуде.

Ал былтырғы
қарашада Арал аудандық сотының судьясы Е.Жамбылбаевқа қатысты қыл­мыс­тық іс
қозғалды. Оған Т. де­ген азаматтан оның пайдасына азаматтық іс бойынша шешім шы­ғару
үшін 100 мың теңге па­ра алды деген айып тағылған. Ақыры кінәсі дәлелденген ол
7 жылға бас бостандығынан айы­рылды.

– Қаржы полициясы
қазіргі заманғы ақпарат алмасу құ­рал­дары, яғни әлеуметтік желі­лер,
микроблогтар, басқа да та­нымал ақпараттық алаңдар ерекшелігін қолдана ма?

– Әрине, қаржы
полиция­сының қызметкерлері заман та­лабына сай жұмыс жасай біледі. Бірақ,
зиянкестер бұл туралы жиі естен шығарады. Шын мәнінде біз оқи аламыз және соны
пай­далана білеміз.

Өткен жылдан
бастап агент­тікте ахуалдық орталық, ал аймақтарда ақпараттық талдау бөлімдері
жұмыс жасауда. Ол қызметкерге орнынан шықпай-ақ талдау жолымен қылмыстарды
бастапқы кезеңдерде анықтап, олардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
Департаменттің талдау­шы­лары бағалары асырылған сатып алуларды анықтау және
уақытылы әшкерелеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың
сатып алулар жоспарларына күн сайынғы ре­жимде мониторинг жасайды. Осы­лайша
олар жыл басынан бері 22 млн. теңге бюджет қара­жатын тиімсіз пайдаланудан сақ­тап
қалды.

– Экономикалық
қылмыстар­дың ерекшеліктерін атап кет­сеңіз?

– Облыс мұнайлы
аймақ бол­ғандықтан өзіндік ерекшелігі бо­ла­тыны рас. Сондықтан бұл саладағы
қылмыстарды әш­ке­релеу барысында нақты жос­парланған жұмыстар жүргі­зі­­­луде.
Цифрларға жүгінер бол­­сақ, былтыр мұнай және мұ­­най өнімдерінің көлеңкелі ай­налымы
бойынша 49 қылмыс ашылып, заңсыз айналымнан 75 мың литрдің үстінде мұнай және
мұнай өнімдері алынса, биылғы жыл басынан бері 18 қылмыс ашылып, 7000 литрден
астам өнімдер алынды. Мұнай ұрлығымен айналысқан бірқатар ұйымдасқан қылмыстық
топтар құрықталды.

Бір деректі айта
кетейін, үстіміздегі жылы сәуір айында біздің қызметкерлер Қызылорда және
Ақтөбе облыстарында екі жыл бойы мұнайды сатып алу және өткізумен айналысқан ұй­ым­дасқан
қылмыстық топ­тың жолын кесті. 2012-2013 жыл­дары бес азаматтан құралған қыл­мыстық
топ ешқандай құжат­тарсыз елу төрт вагон мұнай және мұнай өнімдерін сатып
алумен, тасымалдаумен, өткізумен айна­лысқан. Олар кіріс бөлігі 236 млн. теңге
ақша қаражатын ай­налдыру мақсатында төрт жалған кәсіпорын ашқан. Қазіргі таңда
қылмыстық іс арнайы прокурор басшылығымен тергелуде.

– Елбасы шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне тек­серу жүргізуге мораторий жа­риялағаны
белгілі. Сондықтан кәсіпкерлікті қорғау және қолдау бағытында қандай жұмыстар
жүргізілуде?

– Мемлекет
басшысының би­ылғы 28 ақпандағы Жарлы­ғына сәйкес еліміз Бас проку­роры және
агенттіктің нұс­қауы­мен кәсіпкерлікті тек­се­ру тоқтатылды. Бизнес мүд­де­сін
қорғауда тұрған кәсіп­керлер қауымдастықтары жә­не қоғамдық ұйымдармен мемо­ран­думдарға
қол қойылса, аймақтық кәсіпкерлер палатасымен ынты­мақтастық туралы келісім жа­салды.
Бұл өзара іс-қимыл бір­лескен шараларды іске асыруды, бизнестің дамуына кедергі
бо­ла­тын жүйелі мәселелер мен кедергілерді анықтауды, кәсіп­керлік
субъектілердің қызметін заң­сыз тексерулерге жол бер­меуді көздейді.

Департамент
жанында құ­ра­мында кәсіпкерлер мен қо­ғам­дық ұйымдар өкілдері бар сы­байлас
жемқорлық және «көлеңкелі” экономикаға қарсы күрес мәселелері жөніндегі қо­ғам­дық
кеңес құрылған. Ол мем­лекеттік органдардың кә­сіп­керлік қызметке кедергі кел­ті­руі
мүмкін факторларын зерт­теп, оны болдырмау және жою шараларын дер кезінде
қолдануды жүзеге асырады.

Қазіргі таңда
кәсіпкерлер біз­дің тең құқылы серіктестеріміз саналады. Олар бізге қауіп-қате­рі
көп салаларды анықтауға жә­не сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың пай­да
болу себептерін жоюға жәр­демдеседі. Бұл істе біз жер­лестеріміздің белсенді
азаматтық ұстанымына үміт артамыз. Бел­­гілі болған сыбайлас жем­қор­лық
қылмыстар туралы рес­пуб­ликамыздың барлық аумақ­тарында жұмыс жасайтын қаржы
полициясы органдарының «144” сенім телефонына ха­бар­лай алатындығын еске сала­мыз.
Сондай-ақ, әр аптаның сәр­сен­бісінде кәсіпкерлерді қа­былдау өткізілетіндігін
ескерткім келеді.

– Теріс әрекетпен
көзге түс­кен қызметкерлерге қандай шаралар қолданасыздар?

– Ондай
қызметкерлерді қа­та­рымыздан тазартуды қатаң на­зарда ұстаймыз. Департамент іш­кі
қауіпсіздік бөлімі қыз­мет­керлерінің сыбайлас жемқор­лыққа қатысты құқық
бұзушылық белгілері бар материалдарға жә­не қылмыстық істер бойынша мо­ниторинг
жасау тәжірибесі енгізілген.

– Мерейтойға орай
өткізіл­ген іс-шаралар жайлы айтып өтсеңіз?

– Республика
көлемінде «20 ізгі іс” акциясы өткізілді. Акция аясында біздің департамент сә­­би­лер
мен балалар үйіне, мү­­ге­дектер мен қарттарды оңал­ту орталығына, зағип жан­­дарға,
ғасыр жасаған ана­ларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қол ұшын созып,
бағалы сыйлықтар тарту етті. Де­партамент басшылығы мен жеке құрамы ғимарат
ауласына 20 қылқан жапырақты ағаш отыр­ғызды. Құқық қорғау қыз­меткерлері
арасында мини-фут­болдан турнир өткізілсе, «Сы­байлас жемқорлықсыз қо­ғам”,
басқа да акциялар ұйым­дастырылды.

– Мақсат Аманқұлұлы,
соң­ғы сұрақ. Сіз біршама жыл про­куратура органдарында абы­ройлы қызмет
атқардыңыз. Мі­не, екі жылдан бері облыс­тық қаржы полициясы депар­таментін
басқарып келесіз. Біз­дің білуімізше, әріптестеріңіз өзіңізді кәсіби
біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол, талапшыл бас­шы ретінде бағалайды. Басшыға,
оның ішінде қаржы полициясы органдарының басшыларына қан­дай қасиеттер қажет
деп ойлайсыз?

– Басшы ретінде
менің ең басты міндетім – департаменттің қызметіне толықтай бақылау жа­сап,
барлық бағыттағы жұ­мыс­тарды үйлестіріп отыру. Бұл аса ауқымды әрі аса жау­апты
жұмыстар мойныңа жүктел­ген­дігін білдіреді. Жалпы, құ­қық қорғау саласы басқа
қыз­мет түрлеріне қарағанда қиын да ауыр екені белгілі. Әсіресе, психологиялық
жағынан. Өйт­кені, кез келген уақытта болып жатқан жағдайға байланысты шұ­ғыл
түрде қажетті шешім қа­былдай білуің керек. Сол ше­шімің дұрыс болса өзіңе де,
де­партамент қызметіне де үлкен абырой. Ал сіздің сауалыңызға жауап берер
болсам, құқық қорғау саласы, оның ішінде қаржы поли­циясы органдарында қызмет
еткендіктен өзіңе жо­ғары талап қоя білу керек деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге
рахмет!

 

Әңгімелескен

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз