ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

42

0

Жуырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Студенттер сарай­ында облыстық жастар саясаты мәселелері бас­қармасы
мен «Жас ғалымдар альянсы” қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «ЕХРО  LAND-2014” 
атты тақырыпта инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі болып өтті.
Оған бірқатар мекеме қызметкерлері және аталмыш бірлестіктер өкілдері, аудандар
мен қала мектептерінен келген жас ғалымдар, ұстаздар қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – жас ғалымдарды қолдау,
олардың еңбектерін жетілдіру, одан әрі дамыту. Сондай-ақ, Сыр елінің жастарын
«EXPO-2017”
халықаралық көрмесіне дайындау және Елбасы Н.Назарбаетың «Қазақстан білім
қоғамы жолында” атты жастарға арналған интерактивті  дәрісін насихаттау болып табылды.
Жақында облыс басшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткен
облыс әкімі жанындағы жастар саясаты 
жөніндегі кеңес отырысында ай­мағымыздың жас ғалымдарына облыстағы ғы­лыми
жобалармен айналысатын жастарды қамти отырып «Кіші ЕХРО” инновациялық идеялар
мен жобалар жәрмеңкесін өткізуді тапсырған болатын.
Сол тапсырмаға сәйкес ұйымдастырылған жәр­меңке
барысында қатысушылар түрлі тақы­рып­тағы жобаларын таныстырып, жан-жақты
талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар бір-бі­рімен тәжірибе алмасты. Шара
соңында қатысқан жобаларға  арнайы
сертификаттар табыс етілді.
 
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз