ЖҰҚПАЛЫ IШЕК АУРУЛАРЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!

62

0

Жаз шығып, күн ысыған бойда түрлі жұқ­палы
аурулардың да белең алатыны белгілі. Әсіресе, жедел ішек
инфекцияның белсенділігі артады. Жедел
ішек инфекциясына жедел
дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі
және түр­лі гастроэнтериттер жатады. Жұқпалы ішек ауруларының
қоздырғыштары ұсақ мик­ро­организмдер, яғни бактериялар болып та­былады. Ол бактериялар қоршаған
ортада (жерде, суда, түрлі қоқыстарда,
т.б.) көп та­ралған.
Сонымен қатар олар тамақтарда ұзақ
уақыт сақталып, кейбіреуінде өсіп-өнеді.

Қазіргі кезде жіті ішек инфекциялары қо­ғамдық
денсаулық сақтау ісінің өзекті мә­селесі болып отыр. ДДҰ бағалауына сәйкес жіті
ішек инфекциялары балалар арасында бо­латын барлық жұқпалы аурулардың
ішінде екінші орында және әлемдегі
балалар өлімі құрылымында 4-ші орында тұр. Жұқпалы ауру­лармен тіркелген
аурушаңдықтар бойын­ша ауылдық елді-мекендерден гөрі қала тұр­ғындарының
аурушаңдығының үлес салмағы жоғары болып отыр.

Бұл
дертті халық арасында «кір қол­дың ауруы» деп атайды. Ауа райының қолай­сыздығына
байланысты эпидемиялық ахуал күр­деленіп отыр, сондықтан тазалыққа ерек­ше
сақтықпен қарамаса, баланың да, жас пен кәрiнiң де iш ауруын жұқтырып алуы әб­ден
мүмкiн. Аса жұқпалы әрi асқындырып ал­ған жағдайда өте қауiптi бұл дерттiң не­гiзгi
таратушысы – шыбын-шiркейлер мен та­ра­­қандар. Сондай-ақ даладан келген бетте
қол­ды жумай, бiрден дастарқанға ұмтылу сияқты әдет те iшек ауруына ұрынуымен
аяқталуы мүм­кiн.

Жұқпалы iшек ауруларының таралу се­бе­бi сан алуан: қайнамаған су,
сапасы тө­мен тағам, қолды жумай жеген тамақ, т.б. Iшек инфекциялары сәбилер
арасында көп кез­деседi. Жас аналар бөбектерiн емшектен ер­те шығарып жiбередi
де, сүт қоспаларымен қо­­ректендiредi. Олардың тағы да жаман әдет­­терi тамақты
өздерi аузымен шайнап ба­рып баланың аузына салуы мен емiзiкше-соскасын аузымен
тазалаған болып балаға бе­ру­лерi дұрыс емес. Оның аяғы осындай ке­селге
соқтырып отырады.

Күнделікті тұтынатын тағам өнiмдерi то­ңа­зытқышта сақталады.
Тоңазытқышқа та­ғам­дарды орналастырғанда жемiс-жидектер мен сүт өнiмдерiнiң
шикi ет пен балықтың жа­нына қойылмауына аса мән берiлу керек. Егер де осы
сақтау ережелерi орындалмаса, саль­мо­нелланы жұқтырып алу қаупi жоғары бо­лады.

Жедел iшек ауруларыменен адам
ағза­сы­на қоздырғыштар түскеннен
кейiн бiрнеше са­ғаттан
соң немесе 1-2 күнде
ауруы мүм­кiн. Адамда
әлсiздiк, басы ауруы,
жүрегi ай­нуы, лоқсу,
құсу пайда болады.
Сонымен қа­тар iшек
ауруларының кейбiр түрiнде
(мы­салы: дизентерияда) адамның
iшi қатты бү­рiп
ауырып, iшi өтедi.
Дене қызуы көте­рi­лiп, тамаққа тәбетi азаяды.
Адамның iшi өтуi
күнiне 4-5 реттен, 10-15
ретке дейiн бо­лады.

Ауру осы аталған
белгiлердiң бiр-екеуi­нiң пайда
болуымен 2-3 күнде
жеңiл түрде өтуi
мүмкiн, бiрақ бұл
науқас өзiн саумын
деп есептеп, айналасындағы адамдарға қау­iп төндiредi.
Сонымен қатар ауру
одан әрi меңдеп,
науқасты ауыр халге
жеткiзуi мүм­кiн. Сондықтан
сырқат адам тез
арада дә­рiгерге көрiнiп
ем қабылдауы қажет.

”Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар” деген нақылды
ұмытпайық. Даладағы әжетхананы, үй ма­ңай­ындағы тамақ қалдықтары төгiлген ұра­ны
үнемi дезинфекциялап, гигиеналық-сани­тарлық талаптарды қатаң сақтаудың маңызы
зор.

 

Ботагөз ҚАРЫМСАҚОВА,

облыстық салауатты өмір салтын

қалыптастыру орталығының
маманы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз