ЖҮРЕК АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ

65

0

Соңғы  уақытта жүрегі ауыратын адамдар күрт көбейіп, дерт үлкен әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Басты алаңымыз – жүрек ауруының жас таңдамай көбейіп, соның ішінде жүрек ишемеясының (ЖИА) алдыңғы қатарда тұрғаны. Жүректің ишемиялық ауруы – жүректегі қан айналымының бұзылуы немесе қажетті шамадан кем болуынан туындайтын созылмалы сырқат. Ишемия сөзі латын тілінен алынған ол ағзаның қанмен және оттегімен қамтамасыз етілуінің бұзылуы, тұншығу деген сөз. Бұл ауруға көбінесе стенокардия, атеросклероз және миокард инфракты сияқты жүрек сырқатының түрлері әсер етеді. Стенокардия-жүректі қоректендіретін күре тамырдағы қан айналымының бұзылуы. Атеросклероз-артерия қабырғасына майдың жиналуы, холестериннің көбеюі, қанның қоюлануы. Осының салдарынан жүрек ишемиясы пайда болады. Оның алғашқы белгісі жүректің ұстамалы түрде қысылуы. Жүрек дертін емдеу, одан арылу адамдардың өздеріне де көп байланысты. Мәселен, зерттеулерге қарағанда, ересектердің 40 пайызға жуығының қан қысымы жоғары. Күре тамырдан жоғары қан қысымы ішкі ағзалармен жүйелерге, жүрекке, бүйрекке кері әсер етіп, зақым келтіруі әбден мүмкін. Жүрек ишемиясының алдын алуда салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор. Сондай-ақ, майлы, тұзды тамақтардан тартынған жөн. Шылым шегуді тоқтату миокард инфарктісіне ұшырау қаупін 20-50 %-ға кемітеді. Жүректің ишемиялық ауруының қауіпті факторлары бар адамдар аурудың алдын алу жөніндегі дәрігерлік кеңестерді орындап, жыл сайын денсаулығын түзету үшін емханаға барып тексеріліп отырғаны абзал. Денсаулыққа зияны көп аталған факторлардан сақтану әрбір адамның өз қолында. «Жаны саудың – тәні сау» дегенді естен шығармайық.
Гүлбану САҒИДАТОВА,
«Мәдениет» ДА І санатты аймақ мейіркеші.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз