“ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ” – ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

116

0

Н.Бекежанов
атындағы музыкалық драма театрында «Жүрекке жылу” атты мүмкіндігі шектеулі
балалардың қатысуымен облыстық өнер фестивалі болып өтті. Оған қала мен
аудандардан келген жас өнерпаздар қатысты.

Өнер
фестивалінің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың да өнерге деген
ынта-ықы­ласын арттыру, өмірге деген оң көзқарас қалып­тастыру, оларды қоғамдық
жұмыстарға тарту, бел­сене араласуға шақыру және өзге балалар секілді барлығына
тең құқылы екендіктерін білдіру болып табылды.

Шараны
облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова ашып, қатысушыларға сәттілік
тіледі.


Құрметті балдырғандар және ата-аналар, өнерсүйер қауым өкілдері сіздерді биыл
төртінші рет ұйымдастырылып отырған облыстық өнер фестивалінің ашылу
салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде балаларға деген барлық жағдай
жасалған. Олардың балабақшаға баруына, білім алуына, оқып үйренуіне, тәжірибе
алмасуына, түрлі үйірмелерге қатысуға барлық мүмкіндік жа­салып отыр. Ана
ретінде мен де сіздерге бар жақсылықты тілеймін. Бүгінгі фестивальға қатысып
отырған жас жеткіншектердің бәрі де жеңімпаз деп айта аламын, – деді.

Алдымен
аудандар мен қаладағы көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы
мектеп-интернаты, арнайы түзету мектеп-интернаты, облыстық ба­лаларды оңалту
орталығы, балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйінің және есту
қабілеті нашар балалардың арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің қолынан
шыққан қолөнер мен сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Одан
әрі фестиваль жалғасын тауып, онда мәнерлеп оқу, ән айту, би билеу секілді
түрлі жанрлар бойынша қатысушылар бақ сынасты. Бірі ерекше даусымен дараланса,
енді бірі қазақтың белді ақындарының шығармаларын нақышына келтіре орындады.
Енді бірі өзінің жүрегінен шыққан туындыларын көрермендерге тарту етті.

Қызықты
да тартысты өткен байқауда қазылар алқасының шешімімен өнерлі деген
балалар анықталып, марапатталды.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз