ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

40

0

Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Страте­гия­сы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Қазақстан халқына Жол­дауында
Парламентке 4 жаңа кодексті: Қыл­мыстық-іс жүргізу, Қылмыстық,
Қылмыс­тық-орындаушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексті әзірлеп,
енгізу керек, – деген болатын.

2014 жылғы 5
шілдедегі ҚР ӘҚБт ко­дек­сі 694-бабының Әділет органдары ту­ралы бө­­лімінде
осы кодекстің 230 (екінші бөлі­гінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нота­риустар
жасаған кезде), 457, 459, 460, 466, 468, 491-баптарында көзделген әкімшілік
құ­қық бұзушылық туралы істерді
қарайтыны көрсетілген.

Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс­терді қарауға және әкімшілік жазалар қол­дануға зияткерлік
меншік құқықтары, нор­мативтік құқықтық актілерді, жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеу са­ласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның
орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының
басшысы мен олардың орынбасарлары
құқы­лы, – делінген.

Жаңа кодексте
зияткерлік меншік құ­қы­ғы саласы
бойынша, 2001 жылғы 30 қаң­тар­дағы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекстің 128, 129-баптары алынып
тасталынған. Ал, 145-бап ҚР ӘҚБтК-тің
2014 жылғы 5 шілдедегі басылымында
158-бап, «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету бел­гісін, тауар шығарылған
жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» деген баппен
ауыстырылған. Әділет органдары ко­декстің 158-бабы бойынша ғана әкімшілік
құ­қық бұзушылық туралы іс-материалдарын қозғау қарастырылған.

Зияткерлік меншік
саласы бойынша 2014 жылғы 3 шілдедегі ҚР Қылмыстық ко­­дексінің 198-бап,
«Авторлық және са­бақ­­тас құқықтарды бұзу», 199-бап, «Өнер­та­быс­тарға,
пайдалы модельдерге, өнер­кәсiптiк үл­­гi­лерге, селекциялық
жетiс­тiк­терге, ин­те­­гралдық микросхемалар тополо­гия­ла­ры­на құқықтарды
бұзу», 222-бап, «Тауар бел­гісін заңсыз пайдалану» баптары болып
қалып­тастырылған.

Қазіргі таңда,
облыстық әділет органдары зияткерлік меншік саласы бойынша кей­бір әкімшілік
құқық бұзушылықтар құрам­дарының қылмыстық теріс қылықтары саты­сына
аударылуына байланысты құқық қорғау органдарымен жыл аяғына дейін құқықтық
түсіндіру жұмыстары, яғни семинарлар, дөңге­лек үстелдер өткізу, жергілікті
газет­тер­ге мақалалар жариялау жұмыстарын жүр­гізуде.

Аталған кодекс 2015
жылдың 1 қаңта­рынан бастап күшіне енеді.

Парасат
ӘШІРБЕК,

облыстық
әділет департаментінің инспекторы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз