ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА ӨНЕР ӨРІСІ КЕҢИ ТҮСЕДІ

Елбасы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялап, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігі жайлы айтқан болатын. 

Жастарға көңіл аудару, өмір сү­руіне қолайлы жағдай жасау – қо­ғамның кажетті де маңызды міндет­терінің бірі. Осы орайда облыстық халық шығармашылығын дамыту жә­не мәдени-продюсерлік ор­та­лығы өнерпаз жастарды ірік­теп, оларды халықаралық, рес­публикалық  байқау-кон­курс­­тарға дайындап, қатысуын қам­тамасыз етуде.

Мұндай шаралар жастарды қа­зақстандық патриотизм рухында тәр­биелеп, өн-бойларына елжан­дылық, отансүйгіштік қа­сиеттерді сіңірері сөзсіз.

Жастардың тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақ­сатында өткізілген «Маржан сөз, қоңыр үн» атты концерт жүргізушілерінің об­лыстық бай­қауы,  «Ғашықпын мен...» ат­ты жарасымды жұптарға ар­налған облыстық өнер сайы­сы, брейк-данс, хип-хоп, рэп орындаушыларының облыстық «Таланттар топ жарған күн» атты  өнер  байқаулары осы бағыттағы атқарылған жұмыс­тар.   Сонымен бірге Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойына арналған «Жігіттің төресі» атты облыстық жігіттер байқауы және облыс әкімінің қолдауымен «QYZYLORDA OPEN-2018»  халық­аралық  бал­дық би турнирі жоғары дең­гейде алғаш рет өткізілді. Бұл халықаралық шараға өз елі­міздің өнерпаздарымен қа­тар Грузия, Белоруссия, Украи­на, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз­стан­нан келген би өнерінің белгілі өкілдері қатысты.

Сондай-ақ,   театр тарланы Мейір­ман Нүрекеевтің шы­ғар­ма­шылығына арналған «Мі­­некей, Мейірманның ізба­сарлары» атты әзіл-сықақ отау­ларының рес­пуб­ликалық бай­қауы да дәстүрлі түр­де жылма-жыл өткізіліп отыр. Өт­кізілген шаралардың жал­­ғасы жас­тар жылының маз­мұнын байыта түсе­тіндігі анық.  

Алтын БЕКЕНОВА, 

облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қызметкері.

Мәдениет 30 желтоксан 2018 г. 1 866 0