«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

«Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картина  ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсіруде. «Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.


Мәдениет 17 маусым 2019 г. 1 230 0