Аймақ өнерпаздары концерт берді

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар мен камералық оркестрі және «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің «Мәңгілік сарын» атты маусымдық жабылу концерті өтті.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрын­да өткен кеште түрлі та­қырыпта әндер шырқалып, ҚР Мемлекеттік академиялық сим­фониялық оркестрінің дири­жері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзенің дирижерлық етуімен халық әндері мен елге белгілі композиторлардың шығар­малары орындалды. Бұдан бөлек, Тұрмағамбет атын­да­ғы халық аспаптар оркестрі мен «Сыр самалы» вокалды ансамблі кеш көркін қыздыра түсті. Сонымен қатар, «Астана Опера» опера және балет театрының солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл  Жанұзақ, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейітова, халықаралық және респуб­ликалық байқау­лардың лауреаты Айдос Иман­жаппаров, Назерке Нұрад­динова, Айдана Наукеева, Ақнұр Аманбаева, Бағдат Құ­дайбергенов, Ақберген То­ғанасова және т.б өнер иелері жиылған көпшілікке ән мен биден шашу шашты.

Аймақ өнерпаздарының қала халқына арналған мере­келік концертіне көпшілік те риза. Ұйым­дас­тырушылар мен өнер ұжымына риза­шы­лықтарын білдіріп, есте­лік суретке түсті.

 

«СБ» ақпарат.

Мәдениет 25 маусым 2019 г. 343 0