Бекзат өнердің бапкері

1207

2

Судың сүзілмейтіні, өнер­дің үзілмейтіні секілді қазақ өнерін ғасырдан ғасырға жет­кізіп, мерейін асырып жүрген баршаға үлгі боларлық өнерлі отбасылар аз емес. Бір ша­ңырақ астында екі бала тәрбиелеп, бекзат өнердің өркен жаюына да бірлесе атсалысып жүрген сондай отбасының бірі Қармақшы ауданында тұрады.

Тумысынан өнерге жа­қын Берік Айтов аудан жұрт­шылығына ғана емес өңі­рімізге де кеңінен танымал. Өнер иесі бүгінде жары Жазира Асылбекқызымен бірге ауданның мәдениет сала­сының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Олар Түркістан қала­сын­дағы Ха­лықаралық қа­зақ-түрік уни­вер­­ситетінде білім ал­ған. Берік – араб, ағылшын тіл­дерінің маманы, Жазира – өнер фа­культетінің түлегі, ма­ман­дығы – хореограф. 2011 жылдан бастап «Шауғар» би ансамблінде өнер көр­сеткен олар 2013 жылы Түркістан қаласында ­«Бас­тау» би тобын құрған. Ерлі-за­йып­тылар 2017 жылы Қармақшы ауданына көшіп келген.

Би – бекзат өнер. Ол жай қимылдан, құр қозғалыстан тұрмайды. Оны көзбен көріп қана қою аз, жүрекпен түйсіну қажет. Жазира Асыл­бекқызы жастардың би өне­рінің қиын­ды­ғына қара­мас­тан, осы салаға келуі қуантарлық жайт екенін айтады.

– Алыс-жақын шетелдер­дегі осы киелі өнердің майталмандары біздегі ансамбльдерде билеп жүрген жастардың көптігін көріп, «сіздердегі би өнерінің болашағы бар екен» дегені бар. Ке­зінде Гүлжан Талпақова мен Шара Жиен­құлова сынды жеке-дара шық­қан майталмандар болды. Бүгінгі би өнеріне қызыққан жастардың арасынан да осындай өнер иелерінің шығуына қолдау көрсетілуі керек, – дейді ол.

Жас отбасы Шамшат Төлепова атындағы Қармақ­шы аудандық мәдениет үйіне көркемдік жетекші және хореограф болып жұмысқа орналасып, сахнада түрлі іс-шараларда өнер көрсетіп келеді. Сондай-ақ, үйінде би үйірмесін ашып, шәкірт дайындайды. Бүгінде шәкірттері бай­қау­ларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<