Актриса Бибігүл Ақтан "Томирис" фильміне каскадер болды

Актриса Бибігүл Ақтан "Томирис" фильміне каскадер болды

Бибігүл Ақтан "Томирис" фильмінің түсіріліміне каскадер ретінде қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы актрисаның өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазған.
Мәдениет 20 маусым 2018 г. 1 002 0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

«Men – qazaqpyn» жобасы төл өнерді төрге сүйреген таланттарды бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Бастама аясында біздің өңірде де іріктеу кезеңі өтіп, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық кезеңге жолдама алған үздіктер анықталды.
Мәдениет 19 маусым 2018 г. 942 0
«Қазақ хандығы» сериалының түсірілімі Түркістанда жалғасуда

«Қазақ хандығы» сериалының түсірілімі Түркістанда жалғасуда

Осы күндері Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты ауқымды киножобасының екінші маусымы түсіріліп жатыр. Түсірілім тобы «Қазақ хандығы» сериалының түсірілім алаңынан эксклюзивті фотосуреттерімен бөлісті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәдениет 18 маусым 2018 г. 995 0
ӨНЕРГЕ ӨЗІНДІК ӨРНЕК САЛҒАН...

ӨНЕРГЕ ӨЗІНДІК ӨРНЕК САЛҒАН...

 Н.Бекежанов атындағы драма театрында драматург  Л.Егембердиеваның «Көресіңді көрмей» спектаклі қойылды. Спектакльдегі Ақдидар ана рөлін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Кәмила Әбжанова сомдады. Бірнеше жылдан бері талай сахналарда қойылып, көрермен көңілінен шыққан бұл туынды Кәмиланың да жанына жақын. Себебі, ол қоғамнан бір, тағдырдан бір тауқымет тартқан ана мұңын жан жүрегімен сезінді. Ой санасын ойсыратып өткен осынау әсерді көрермен көңіліне қапысыз жеткізуге тырысты. Бір уақ бақытсыз ана кейпіне еніп, шарасыздықтан шарқ ұрды. Жылады, күлді, жұбанды. Спектакльді көре отырып, есірген ұл мен кесапат келіннің әрекетіне күйзелесің, көзіңе жас үйіріледі. Шарасыз қалған ананы аяйсың... Әйтеуір, соңында жанына жұбаныш тапқанына қуанасың. 
Мәдениет 16 маусым 2018 г. 1 015 0

Түркияны тамсандырған өнерпаздар

Маусым айының 1-10 аралығында Түркияның Кастамону, Болу, Ақсарай және Анкара сынды 4 бірдей қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойы аясында түркі халықтарының өнер фестивалі өтті.
Мәдениет 14 маусым 2018 г. 973 0
БИШІ БАЛАЛАРДЫҢ БИІКТІГІ

БИШІ БАЛАЛАРДЫҢ БИІКТІГІ

Мамыр айының соңғы күндері Алматы қаласындағы Орталық демалыс саябағында дәстүрлі «Бозторғай» балалар шығармашылығы халық­аралық конкурсы бар сән-салтанатымен өтті.
Мәдениет 07 маусым 2018 г. 7 080 0
СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМ СЫРЫ

СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМ СЫРЫ

Сурет – тарих, әрі өміршең өнердің бірі. Шексіз тарихтың бір ғана сәтін бейнелейтін, қиялға ерік беретін ерекше шығармашылық түрі қаладағы М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде де оқытылады. 1996 жылдан бері оқу ордасын «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша 300-ден астам түлек тәмамдаған, қазір олардың барлығы – халық ықыласына бөленіп жүрген майталман мамандар. Бұл ізді жалғауға ықыласты жастар да аз емес. Бұған біз колледждің Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырған сурет көрмесінде көз жеткіздік. 
Мәдениет 31 мамыр 2018 г. 335 0
Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты

Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарыққа шықты. Бейнебаян "Screaming" әніне түсірілген. Видеоклип 23 мамырда әншінің YouTube хостингіндегі арнасында жарияланды. "Screaming" деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін", - деп жазған Димаш Құдайберген видеосының сипаттамасына.
Мәдениет 26 мамыр 2018 г. 303 0
Қазақстандық фильм Ресейде жүлделі болды

Қазақстандық фильм Ресейде жүлделі болды

Қазақфильм түсірген «Пацаны зовут его Батя» деректі фильмі Севастополь қаласындағы XIV Халықаралық деректі фильмдерге арналған «Победили вместе» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет 23 мамыр 2018 г. 302 0
БАТЫРХАН АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БАТЫРХАН АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкенов атындағы ІІ республикалық «Отан-Ана» байқауы өтті.  Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен конкурс Астана қаласының 20, Қызылорданың 200 жылдық мерекесіне арналды.  
Мәдениет 19 мамыр 2018 г. 242 0