Сырдан шыққан жыраулар

473

0

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалар жайлы айтылады. Тарихы тереңнен тамыр тартқан аймақта жыраулық өнерді ұстаушылар, шәкірт тәрбиелеп кейінгіге мұра етушілер әлі де бар.

Бір кездері Тұрмағамбет, Базар жыраулар салып кеткен сара жол Жиенбай, Рүстембек, Нартай, Балқашбай, Көшеней Рүстембеков, Қуандық Бүрлібаев, Шәмшат Төлепова, Алмас Алматов, Рысбек Әшімов, Бидас Рүстембековтер арқылы жалғасты.

Қазір Сыр бойында Жиенбай, Нұртуған, Нартай мақамдарына негізделген жыраулық өнердің бірнеше мектебі бар.

Жиенбай жырау мектебі Қармақшы өңіріне тән болса, Нартай мектебі Шиелі жерінен бастау алады. Қармақшы жыраулық дәстүріндегі негізгі ерекшелік ретінде дауыстың немесе ондағы мақам саздың көмейден шығатынын айтып өтуге болады. Бұл мектептің негізгі өкілдері ретінде Жиенбай, Рүстембек, Әбділдә, Балқашбай, Мұзарап, Көшеней, Бидас, Алмастай жырауларды атап өтуге болады. Ары қарай бұл тізім Серік Жақсығұлов, Руслан Ахметов, Ұлжан Байбосынова, Күнсұлу Түрікпен болып кете береді.

Шиелі жерінен бастау алатын Нартай мектебі Арзулла Молжігітов, Елбасы жезтаңдай атаған Әбіләш Әбуовтер арқылы қанат жайды. Бұл өнерді әрі қарай жалғаушылар рухани жаңғыруымыздың өзегі болып қала береді.

Ақжайқын АҚЫЛБЕКОВА,

№163 орта мектеп мұғалімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз