2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар:

102

0

2013 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар:1. Озат бағбан номинациясы бойынша Қызылорда қаласының бағбаны, Юзеев Ринат Фикратұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Өзінің бағынан 1 тонна алма, 1,5 тонна жүзім жинауды қамтамасыз етті.
2. Озат картоп өсіруші номинациясы бойынша Шиелі ауданы «Алтын-дән» шаруа қожалығының картоп өсірушісі Рахман Қонырат Бүркітбайұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Егілген 3 гектар картоп дақылының әр гектарынан 66,0 тонна өнім жинаған.
3. Озат бақша өсіруші номинациясы бойынша, Жаңақорған ауданы «Шоқымазар» шаруа қожалығының бақша өсірушісі Даубалаев Мұхамедәлі Жұрынбайұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
10 гектар бақшаның әр гектарынан 597 тонна өнім жинаған. 
4. Озат жоңышқа өсіруші номинациясы бойынша, Сырдария ауданы, «Мәді қажы атындағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоңышқа өсірушісі Спанов Ғалымбек Мешітбайұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Аса құнарлы мал азығы жоңышқа дақылын күтіп-баптап, оның әр гектарынан 220 центнер жоңышқа шөбін жинауды қамтамасыз еткен.
5. Озат бидай өсіруші номинациясы бойынша, Жаңақорған ауданы, «Сұңқар» шаруа қожалығының бидай өсірушісі Байбатыров Әбдірахман Ертайұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Өзіне бекітілген 50 гектар бидайды агротехникалық талапқа сай күтіп-баптап, әр гектарынан 35 центнер өнім алуды қамтамасыз етті.  

6. Озат күріш өсіруші номинациясы бойынша, Қармақшы ауданы, «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі Темірқұлов Сәулебек марапатталды. Автокөлік сыйға тартылды.
Сыр елінің негізгі дақылы – күріш. Сондықтан күріш өсіру ең абыройлы іс болып саналғандықтан күрішші диқан еңбегіне биылғы жылы аса мән беріліп отыр. Ала жаздай ыстыққа күйіп, мол өнім үшін маңдай терін төккен күрішшілердің еңбегін қалай бағаласақ та жарасады. Биылғы жылы күріш өсіруде сапалы еңбек жасаған Қармақшы ауданының «Жаңа жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі Темірқұлов Сәулебек өзіне бекітілген 46 гектар Сыр маржанынан агротехникалық талаптарға сәйкес күтіп-баптап, әр гектарынан 91,0 центнерден өнім алуды қамтамасыз еткені үшін озат күрішші номинациясы беріліп, автокөлік сыйға тартылды.

7. Озат сушы (гидротехник) номинациясы бойынша, Жалағаш ауданы «Жалағашсушар» өндірістік бөлімшесінің сушысы Қонысбаев Дәулен Менленұлы марапатталды. Теледидар сыйға тартылды.
Су беру маусымында ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суармалы сумен қамтамасыз етті.
8. Озат жатка машинисі номинациясы бойынша, Қазалы ауданы, «Сыр маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық орушысы Сәрсенбай Омар Кенжебайұлы марапатталды. Автокөлік сыйға тартылды.
Күріш ору механизмін жетілдіруде облыста біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, соңғы жылдары өнімділігі төмен техникалар өндірістен шығарылып, оның орнына маусымдық өнімділігі бірнеше есе жоғары техникалармен алмасуда. Осындай жаңа техниканың тізгінін ұстаған Қазалы ауданы «Сыр Маржаны» ЖШС-ның жатка машинисі Сәрсенбай Омар Кенжебайұлы «МагДон» жаткасымен 1501 га күрішті жалға салып, маусымдық межесін 2,6 есеге асыра орындады. 

9. Озат комбайншы номинациясы бойынша, Жалағаш ауданы, «Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайнері Пірімжанов Әділбек Зейнелұлы марапатталды. Автокөлік сыйға тартылды.
Өсірілген егінді агротехникалық мерзімде жинап алу – комбайнер үшін сын. Науқан кезінде уақытпен санаспай, өнімді ысырапсыз жинап алудағы механизатор еңбегі мақтауға тұрарлық.Үстіміздегі жылы күріш жинау науқанында өзіне бекітілген жоғарғы өнімділікпен жұмыс атқаратын шетелдік маркалы «Кейс» комбайнымен 3200 тонна күріш бастыруды қамтамасыз еткен.

10. Озат бақташы номинациясы бойынша, Қазалы ауданы, «Аржиков Б.» шаруа қожалығының бақташысы Аржиков Олжас Еркінұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Өзіне бекітілген 396 бас ірі қараны толығымен аман сақтап, әр 100 сиырдан 72 бұзау алуды қамтамасыз етті.

11. Озат шопан номинациясы бойынша, Шиелі ауданы, «Таубай» шаруа қожалығының шопаны Ибишев Бөрібай Шәрібекұлы марапатталды. 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Отардағы 1288 қой басын 100,0 пайыз аман сақтаған. Биылғы жылы әр 100 саулықтан 120 қозы алуды қамтамасыз еткен.  

12. Озат жылқышы номинациясы бойынша, Арал ауданы, «Құланды» шаруа қожалығының жылқышысы Қожбанов Сырым Асылханұлы марапатталды. 200 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Табындағы 452 бас жылқыны 100,0 пайыз аман сақтап, әр 100 биеден 90 -нан құлын алуға қол жеткізді.

13. Озат түйекеш номинациясы бойынша, Сырдария ауданы, «Алиакбар-Ата Агро» шаруа қожалығының түйекеші Тасыров Батырхан Кеңесұлы марапатталды. 200 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Келідегі 170 бас түйенің 100,0 пайызын аман сақтап, 100 інгеннен 50 бота алуды қамтамасыз етті. 

14. Озат балықшы номинациясы бойынша, Арал ауданы, «Жамбыл» өндірістік кооперативінің балықшысы Әленов Табын Әленұлы марапатталды. Автокөлік сыйға тартылды.
Балығы таудай тулаған Арал айдыны әр уақытта балықшы еңбегімен көрікті. Балық шаруашылығын жолға қою бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осыған байланысты бүгінгі қорытындыда біз балықшы еңбегін күрішші мен механизатордың еңбегінің қатарына қойдық. Балық аулауды жете меңгерген Арал ауданы «Жамбыл» өндірістік кооперативінің балықшысы Әленов Табын Үстіміздегі жылдың 9 айына межеленген, 400 тоннаның орнына 485 тонна балық аулап, облыс тұрғындарына сатуды қамтамасыз еткені үшін автокөлік сыйға тартылды.

15. Озат бригадир номинациясы бойынша, Қармақшы ауданы, «Достық жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бригадирі Кан Виктор марапатталды. Теледидар сыйға тартылды. 
Бригада ұжымы егілген 546 гектар Сыр маржанын агротехникалық шараларға сай күтіп-баптап, оның әр гектарынан 76,5 центнерден өнім жинаған. 
16. Озат өңдеу кәсіпорны номинациясы бойынша, Қазалы ауданы, «Рза-Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Әуесбаева Замира Лепесқызы. Теледидар сыйға тартылды.

17. Озат асыл тұқымды мал шаруашылығы номинациясы бойынша, Қызылорда қаласы, «Шөгірлі» шаруа қожалығы марапатталды. Директоры Ербаев Орынбасар Абдуллаұлы. Теледидар сыйға тартылды.
 Мал басы 100,0 пайыз аман сақталған. 9 айда 7,0 тонна ет және 251,3 тонна сүт өндірілген.

18. Озат егін шаруашылығы номинациясы бойынша, 3 дәрежелі дипломмен Сырдария ауданының «Мәді қажы атындағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Камалатдин Аббас Камалатдинұлы. Теледидар сыйға тартылды.
Шаруашылық 2550 гектар күріштің әр гектарынан 50,0 центнерден өнім жинаған. 
19. Озат егін шаруашылығы номинациясы бойынша, 2 дәрежелі дипломмен Жалағаш ауданының «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы. Ноутбук сыйға тартылды.
Серіктестік 1651 гектар күріштің әр гектарынан 68,2 центнерден өнім жинаған. 

20. Озат егін шаруашылығы номинациясы бойынша, 1 дәрежелі дипломмен, Қармақшы ауданының «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Әбішев Қылышбек Қуанышбайұлы. Ноутбук сыйға тартылды.
3000 гектар күріштің әр гектарынан 65,4 центнерден өнім жинаған. Шаруашылық жыл сайын күріш өндірісіндегі агротехникалық талаптарды қатаң сақтайды. Қазіргі кезде келесі жылдың егісіне қажетті тұқым толық құйылып алынып, сүдігер жырту жұмысы қарқынды жүргізілуде.
Шаруашылықтың экономикасы жыл сайын көтеріліп, нәтижесінде ауыл халқының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы жақсара түсуде.
21. Озат егін шаруашылығы номинациясы бойынша, 1 дәрежелі дипломмен, Сырдария ауданының «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Ералиев Дархан Жұмашұлы. Ноутбук сыйға тартылды.
Шаруашылық 2002 гектар күріштің әр гектарынан 71,0 центнерден өнім жинаған. Шаруашылық жыл сайын күріш өндірісіндегі агротехникалық талаптарды қатаң сақтайды. Қазіргі кезде келесі жылдың егісіне қажетті тұқым толық құйылып алынып, сүдігер жырту жұмысы қарқынды жүргізілуде.

22. Озат теледидар тілшісі «Қазақстан-Қызылорда» арнасының тележурналисі Әлжанов Тәжімұрат Жомартұлы марапатталды. Планшет сыйға тартылды.
Ауыл еңбеккерлерінің биылғы тыныс-тіршілігін, игі істерін аса шеберлікпен бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялануын қамтамасыз етті.

23. Озат газет тілшісі, «Сыр бойы» газетінің журналисі Әбілов Еркін Аққалиұлы марапатталды. Планшет сыйға тартылды.
Биылғы жылғы ауыл жаңалықтарын баспасөзде үнемі жарық көруіне ықпал етті.

24. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістіктерге жеткен аудан» номинациясы бойынша Екінші дәрежелі дипломмен – Қазалы ауданы марапатталды. 
Аудан әкімі Жаханов Бахыт Дүйсенұлы.
25. «Мал шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен аудан» номинациясы бойынша Екінші дәрежелі дипломмен – Жаңақорған ауданы марапатталды. 
Аудан әкімі Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы.
26. «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен аудан» номинациясы бойынша Екінші дәрежелі дипломмен – Жалағаш ауданы марапатталды. 
Аудан әкімі Сермағанбетов Серік Сағитжанұлы. 
27. «Агроөнеркәсіп кешенінің дамытуда ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген Үздік аудан» номинациясы бойынша, Бірінші дәрежелі дипломмен Сырдария ауданы марапатталды.

Аудан әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы.

***

Салтанатты шараға облыстың экономикасының дамуына қосқан үлестері үшін Социалистік Еңбек Ері атағын алған ардагер апаларымыз бен ағаларымыз арнайы шақырылды. Ардақтыларымызға сый-сияпат көрсетілді.

1. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, саланы дамытуға зор үлес қосқаны үшін 1980 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Қызылорда қаласының тұрғыны Ахметов Амангелдіге автокөлік кілті тапсырылды.
2. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, күріш өсіруде жеткен жетістіктері үшін 1976 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Қызылорда қаласының тұрғыны Әбиев Арапбекке автокөлік кілті тапсырылды.
3. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, саланы дамытуға зор үлес қосқаны үшін 1967 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Қазалы ауданының тұрғыны Әлімбаев Кәрібозға автокөлік кілті тапсырылды.
4. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, мал шаруашылығы, оның ішінде қой өсіруде жеткен жетістіктері үшін 1981 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Жаңақорған ауданының тұрғыны Әбжалов Шоманбайға автокөлік кілті тапсырылды.
5. Қызылорда облысы теміржол саласында еңбек етіп, 1980 жылы осы салада жасаған елеулі еңбегі үшін «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Қызылорда қаласының тұрғыны Әбішев Оразбайға автокөлік кілті тапсырылды.
6. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, күріш өсіруде жеткен жетістіктері үшін 1980 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Қызылорда қаласының тұрғыны Жұмабекова Салимаға автокөлік кілті тапсырылды.
7. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, өзі еккен 20 гектар күріштің әр гектарынан 129 центнерден өнім алған ерен еңбегі үшін 1972 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Шиелі ауданының тұрғыны Қазанбаева Шырынкүлге автокөлік кілті тапсырылды.
8. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, 1972 жылы өзі басқарған Мәдениет совхозы бесжылдық жоспарды үш жыл ішінде орындап, үкіметке 131 мың центнер күріш өткізген еңбегі үшін 1973 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алған Қызылорда қаласының тұрғыны Еспанов Ұзаққа автокөлік кілті тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз