Дәурен Абаев журналистерді баспанамен қамтудың машақаты туралы айтып берді

Бүгінде журналистің мәртебесін анықтау қиын болып тұр. Себебі жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдары көп, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде бұқаралық ақпарат құралдарының 95 проценті - жекеменшік компаниялар. Сол себепті олар баспанамен қамту мәселесін өздері шешуі керек. Мысалы, мұғалімдердің барлығы бюджеттік қызметкерлер болып саналады. Ал журналистердің басым бөлігі аталған санатқа жатпайды. Осы мәселені қалай шешеміз? Журналистің мәртебесін қалай анықтаймыз? Енді, қазіргі кезде мемлекет баспанамен қамтуға қатысты біраз шараларды қолға алып жатыр ғой. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы да бар», - деді Д.Абаев xалыққа есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, мемлекетке қарайтын бұқаралық ақпарат құралдарын баспанамен қамту жайы назардан тыс қалмайды.

«Ол мәселе бір жерде шешіледі, енді бір жерде шешілмей жатады. Себебі жатақxана бар. Дегенмен, біз министрлікке қарасты әрбір ұйымның баспана мәселесін жеке-жеке қарайтын боламыз. Нақты ұсыныстар болса, біз әрдайым қолдауға дайынбыз. Ондай ұсыныстар бар», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, министр Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды.

Аталған шаралар жылдың ортасында басталады.

 

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2018 г. 124 0