Шахматтан ел кубогы басталды

Қызылордада Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы кубогының 1-кезеңі басталды. Жарысқа Қырғызстан елінен Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің өңірлерінен 10-14 жасқа дейінгі 320 жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысуда. Жарыс ережесіне сәйкес шахматшылар швейцар жүйесі бойынша 9 турда классика және блиц түрлерінен шеберлік байқасуда. Сондай-ақ ел кубогы аясында ересектер арасында рейтингілік турнир де қатар өтуде.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті, облыстық шахмат федерациясының президенті Марат Есенов және  А.Махамбетовтер отбасы атынан інісі Сұлтанбек Махамбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, айтулы жарыс 2009 жылдан басталып облыстық деңгейде өткізілсе, 2012 жылдан бері республикалық деңгейде жетінші мәрте ұйымдастырылуда.

Сыр өңірінің әлеуметтік әлеуетін нығайтуға өзіндік үлесін қосқан Аралбай Махамбетов Қызылорда қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің партиялық - ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, обкомда бірнеше бөлімді басқарып, талай марапатқа ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлердің есімдері 26 мамыр күні белгілі болады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 мамыр 2018 г. 609 0